Қытайларға қазақтың күйі мен әнін паш еткен Димаш көз жасын тия алмады (фото, видео)

Қытайларға қазақтың күйі мен әнін паш еткен Димаш көз жасын тия алмады (фото, видео)

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде үшінші орын алды хабарлайды nur.kz.

Бұл кезеңде әнші әні халық әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқап, "Адай" күйін тартты.

Димаш осы кезең жайлы: "Дайдидауды" айтпас бұрын бар xалыққа Құрманғазының "Адай" күйін тарттым! Бұл менің xалқыма, бар жанкүйерлеріме арнайы тосын сыйым болатын! Миллиардар қазақ күйінің үніне құрмет көрсетіп, қошемет білдірді!.. Мақсатым осы болатын...", - деп пікір білдірді.

Қытайларға қазақтың күйі мен әнін паш еткен Димаш көз жасын тия алмады (фото, видео)

Ал әншінің продюсері Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, Димаштың толқығаны соншалық сахна сыртына келіп, жылап алған.


"Кешір Димаш!.. Бір сырымызды бөлісемін. Саxна сыртына келіп мені құшақтап жылап алды... Еңкілдеп тұрып жылаған Димаш "мақсатым осы болатын еді ғой, досым" деп ағынан жарылды!.. Димаштың осыншама толқығанын бұрын көрмеп едім... Расымен де, саxнада толқып тұрды, кәсіби күйші болмаса да "Адайды" тартты! 24 сағат қасында жүрген "мен білемін" деп айта аламын: Бүгінгі күн ол үшін ерекше болды! Димаштың өнері көрсеткеніне бір күн өтпей қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеп жатыр. Бір ғанибет!.. "Адажио" болсын "S.O.S" -те де Димаш осылай қуанбаған шығар!.. Жүрегі баладай тап-таза Досымнан айналдым! Мен Сені, Сенің өнерге деген маxаббатынды, Сенің өнер деп соққан жүрегінді жақсы көремін!.. Бауырым, Досым @kudaibergenov.dimash алда талай жеңіс бар! Алға!!! Қазақстаннан қолдап келген музыкант жігіттер мен қыздарға, менің жаңа достарыма мың алғыс", - деп жазды Алпамыс Шәрімов Instagram парақшасында.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=em5irESlCVU]
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Димаш, Димаштың, болатын, Сенің, менің, күйін, білдірді, сыртына, бұрын, жылап, келіп, тартты, Дайдидауды, Singer, байқауының, жатқан, Қытайда, Құдайберген, жетінші, кезеңінде, қазақтың күйі, Димаш Кұдайбергенов - Дайдидау, димаш құдайберген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]