Қазақтың үш биінің "басына шығып алған" шетел азаматы жұрттың ашуына тиді (фото)

Қазақтың үш биінің "басына шығып алған" шетел азаматы жұрттың ашуына тиді (фото)

Әйтеке, Қазыбек, Төле биге арнап қойылған ескерткіштің үстіне аяғын қойып, суретке түскен шетел азаматы көпшіліктің ашуына тиді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл фото Facebook желісінде кеңінен таралып кеткен.

Суреттен қазақтың үш биі бейнеленген ескерткіштің үстіне шығып алған жігіттің шетел азаматы екені байқалады. Желі қолданушылары оны нақтыламаса да, "қытай жігіті" деген болжамға келген.

Олар көпшіліктің наразылығын тудырған фотодағы азаматты тауып алып, жазалау керектігін айтып шағымданды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
үстіне, шетел, көпшіліктің, ескерткіштің, азаматы, Қазыбек, қойылған, хабарлайды, Әйтеке, арнап, ашуына, аяғын, суретке, қойып, түскен, тауып, жазалау, азаматты, наразылығын, келген

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]