Мезгілсіз өмірден өткен Батырхан Шүкеновтың жаңа әні жарыққа шықты

Мезгілсіз өмірден өткен Батырхан Шүкеновтың жаңа әні жарыққа шықты

Батырхан Шүкеновтың көпшілікке ұсынып үлгермеген жаңа әнін жолдастары жарыққа шығарды. «Нас исцеляет любовь» атты туынды әншінің мезгілсіз қазасына байланысты аяқсыз қалған болатын, деп хабарлайды nur.kz.

Әнші аяқтай алмай кеткен әнді соңына дейін жеткізген жолдастары бейнебаянын да жасап беріпті. Басты рөлде – Батырханның өзі. Өмірден өткен әншіні бейнебаян түсіргендер ерекше етіп, құммен көрсеткен.

Клипте композитор киіз үй мен табиғаттың аясында жүр.

«Нас исцеляет любовь» әнін жарыққа шығаруға марқұмның Ресейдегі таныстары да атсалысыпты.

Тірі болғанда, әнші Батыр алдағы 18 мамырда 55 жасқа толар еді. Достары енді осы күнге орай музыканттың әндер жинағын да жарыққа шығармақшы.

"Жаңа альбомның мұқабасын дайындап жатырмыз. Қосымша қаражат тапқан күні әндерді жаза бастаймыз. Батырдың тірі кезіндегі арманын қалай да орындауымыз керек", - дейді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз, жарыққа, исцеляет, любовь», жолдастары, Батырхан, мезгілсіз, қалған, қазасына, әншінің, аяқсыз, байланысты, болатын, Шүкеновтың, туынды, ұсынып, көпшілікке, шығарды, үлгермеген, Қосымша, қаражат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]