Ринат Зайытов қытайлықтан қазақша сөйлеуді талап еткен Сапарбаевтың ерлігін айтты (видео)

Ринат Зайытов қытайлықтан қазақша сөйлеуді талап еткен Сапарбаевтың ерлігін айтты (видео)

Ақтөбеде өткен республикалық ақындар айтысында Ринат Зайытов Сапарбаевқа арнау айтты деп хабарлайды аймақтағы nur.kz тілшісі.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болғалы бері бірнеше рет республикалық ақындар айтысын өткізді. Бұл айтысты аңсаған жергілікті қауым үшін үлкен сый екені анық.

Өткен аптада өткен ақындар айтысында белгілі ақын Ринат Зайытов Сапарбаевты жырға қосып, әкімнің өнегелі істерін тізіп берді.

Тілге деген құрметті шетелдіктерден де талап етіп жүрген әкімнің халықтың жанынан табыла білетіні жырға қосылды. Ақын Сапарбаевтың ел мерейін өсірген ұмтылмас бастамаларын тізіп берді.

Орысша ауылдарды қазақша атап,

Жер иесі кім екенін белгілетті.

Жыртық жыртық жолыңды жамап беріп,

Еріксіз жүрегімді елжіретті.

Аурухана, мешіт пен ауыл салып,

Аймағымның жалауын желбіретті

Ленинді алып, Абайды қойған кезде

Жанарымның жасын да мөлдіретті...

Қытайға да «қазақша сөйле» деген

Қай әкімің осылай ерлік етті?!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ринат зайтов, ринат зайытов, ақындар, республикалық, айтысында, Ринат, Зайытов, өткен, Ақтөбеде, әкімнің, берді, тізіп, жырға, хабарлайды, тілшісі, аймақтағы, деген, айтты, арнау, Сапарбаевқа, жүрегімді, Еріксіз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]