Бойжеткен пияздың көмегімен коронавирустан қорғанған анасын "жұлдыз" қылды.

Бойжеткен пияздың көмегімен коронавирустан қорғанған анасын "жұлдыз" қылды.

Тэмми Осени коронавирустан пияздың көмегімен қорғанып жүрген анасын фотоға түсіріп, желіге салған. Әйел адамның іс-әрекетін күлкіге айналдырмақ болған ару кенеттен оны танымал етіп жіберген деп хабарлайды nur.kz life.ru сілтеме жасап.

Twitter желісінде ayylmao атымен танылған ару желіге жерде жатқан пияздың суретін салып, астына: Менің анам әр бөлмеге бір пияздан қойып қойды. Себебі оған WhatsApp қолданушылары сондай кеңес берген. Күлкім келіп тұр", - деген жазба қалдырды. Фото 244 мың лүпіл жинады, ал 48,5 мың адам жазбаны өзіне сақтап алды. Соған қарағанда тек Тэммидің анасы ғана түрлі чаттарда отырмаған секілді. Себебі желі қолданушылары пиязбен түскен суреттерін жариялап, оны тіпті, флешмобқа айналдырып жіберді.

Оқырмандардың арасында арудың анасы пиязды не үшін жерге қойып жүргенін түсінбегендер болды. Алайда өзге қолданушылар оларға көкеністің вирусқа қарсы тұра алатынын айтып, түсіндірді. Десе де, Fourthings атты қолданушы пияз суықтан қорғай алғанымен, коронавирустан қорғай алмайтынын алға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, ғалымдардың коронавирусты емдеудің жаңа әдісін ойлап тапқанын жазған едік.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақстан жаңалықтары Бойжеткен пияздың көмегімен коронавирустан қорғанған анасын "жұлдыз" қылды казахстанские новости, новости Бойжеткен пияздын комегимен коронавирустан корганган анасын "жулдыз" кылды на казахском языке ережелер скачать бесплатно, вирусқа байланысты Қасым Жомарт ережелері, жаңалықтар түрі на казахском языке, Бойжеткен пияздың көмегімен коронавирустан қорғанған анасын "жұлдыз" қылды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]