Головкин «суперчемпион» атағын иеленді

Головкин «суперчемпион» атағын иеленді

Кәсіпқой бокста WBA және IBO тұжырымы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин аустралиялық боксшы Дэниэл Гилмен өтер жекпе-жектің алдында дүниежүзілік бокс ассоциациясының (WBA) шешімімен «суперчемпион» атағын иеленді.

Ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген жерлесіміз келесі жекпе-жегін 26 шілдеде аустралиялық боксшы Дэниэл Гилге қарсы өткізіп, өз атағын қорғайтын болады. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің бұл кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жегі болғалы отыр. 11-ші рет чемпиондық атағын қорғамақшы. Осыған дейінгі 29 кездесудің 26-сын мезгілінен бұрын аяқтаған.

Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жұдырықтасу 26 шілде күні Нью-Йорк қаласындағы 20 мың адам тамашалай алатын «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекті "HBО" телеарнасы бокс жанкүйерлеріне тікелей эфирде көрсетпек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін WBA Головкинді тағы бір австралиялық боксшы Джаррод Флетчермен жұдырықтасуға міндеттеген еді. Алайда бұл үміткер "HBO" телеарнасының тарапынан қызығушылық тудырмаған-ды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Геннадий Головкин жекпе, атағын, боксшы, Дэниэл, былғары, қолғап, аустралиялық, Геннадий, Головкин, жектің, дүниежүзілік, Кәсіпқой, иеленді, «суперчемпион», шешімімен, ассоциациясының, алдында, орташа, тұжырымы, Гилмен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]