Назарбаев Астанадағы алғашқы McDonald's-та болып қайтты (фото)

Назарбаев Астанадағы алғашқы McDonald's-та болып қайтты (фото)

Мемлекет басшысы «Макдональдс» корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті деп хабарлайды "Ақорданың" баспасөз қызметі.

Мейрамхана ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, келушілер үшін отыруға лайықталған 206 орны бар. Оны безендіруге жаңа тұжырымдарға негізделген дизайндар, сондай-ақ келушілерге қызмет көрсетудегі ең заманауи жүйелер қолданылған.

Компанияның екінші мейрамханасын да 2016 жылы ашу жоспарланған, ал таяу бес жылда тағы 15 мейрамхана ашу көзделіп отыр.

«Макдональдстың» Қазақстандағы мейрамханаларына азық-түлік сыннан өткен өнім жеткізушілерден келетін болады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілер базасын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.

«Макдональдс» – қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың кәсіпорны келушілерге қызмет көрсетеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
кәсіпорны, «Макдональдс», Қазақстандағы, қызмет, Ақорданың, хабарлайды, баспасөз, келушілерге, Мемлекет, әңгімелесті, қызметі, ұжымымен, алғашқы, корпорациясының, басшысы, танысып, жұмысымен, еңбек, жалғасуда, Астанадағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]