"Шахтер" Celtic-ті бірінші матчта 2:0 есебімен жеңді

"Шахтер" Celtic-ті бірінші матчта 2:0 есебімен жеңді

Тамыздың 20-сы күні кешкі сағат 9-да Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде қазақстандық "Шахтер" мен шотландиялық Celtic ("Селтик") командасы кездесіп, 2:0 есебімен "Шахтер" жеңді.

Бірінші голды ойынның 11-минутында команда капитаны Андрей Финонченко салды. Екінші допты шотландиялық команда қақпасына Сергей Хижниченко енгізді.

Екі команда арасындағы қарымта ойын тамыздың 28-інде Шотландияда өтеді.

Қос матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады, жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шахтер Celtic-ті бірінші матчта 2 0 есебімен жеңді, шахтер Celtic-ті бірінші матчта 2 0 есебімен жеңді казакша жаналык, свежие новости на казхском шахтер Celtic-ті бірінші матчта 2 0 есебімен жеңді, новости шахтер Celtic-ті бірінші матчта 2 0 есебімен жеңді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]