Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды

Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы жарық көрді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич, Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Ким Георгий Владимирович, Қосдәулетов Дулат Рашитұлы, Нөгербеков Серік Нөгербекұлы, Оразалин Нұрлан Мірқасымұлы тағайындалды.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды қазақша жаңалық, жана казакша жаналык Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды, свежие новости на казахском Парламент Сенатының депутаттары тағайындалды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]