Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан


Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.

719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.

Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
 
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Сондай-ақ "Алматы-Ташкент" тас жолында "Audi-100" маркалы екі көлік соқтығысты. Қайғылы оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданында болған.  Алдын ала жорамал бойынша, бір көліктің жүргізушісі рульде ұйықтап кетіп, қарсы бетке шығып кетуі мүмкін. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге екі көліктегі 8 жолаушы қаза тапқан.

Дәл осындай қайғылы жол апаты Батыс Қазақстан облысында да тіркелді. Жол көлік оқиғасында 6 адам бақилық болған. Ақпарат бойынша, апат- Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы "Чапаев-Жалпақтал" автожолының 22-ші шақырымында болды. Ал, Қостанай облысы Амангелді ауданында болған апатта бірден 7 адам қайтыс болған. Аман қалған 13 жасар жеткіншек- түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Нұртай Лезов, БҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы: "Жеңіл көліктегі бес жолаушы, УАЗ көлігіндегі тағы бір әйел адам сол жерде қаза тапты.  Айта кету керек, жеңіл көліктегі бақилық болған үш жолаушының барлығы да бір үйдің өрімдей қыздары. Ауыр жараланған тағы екі жолаушы қазір Ақжайық аудандық ауруханасында емделуде. 

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан жаңа қазақша жаңалық, жана казакша жаналык Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан, свежие казахские новости Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]