Қанатты (нақыл) сөздер: Махмұд Қашқари

Қанатты (нақыл) сөздер: Махмұд Қашқари

Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.

Тай өссе ат тыныс алады,
Ұл өссе ата тыныс алады.

Дос адам маңайыңды жұмақ етер.

«Ағайын» десе - шақ қарадық,
«Қайын» десе - жалт қарадық.

Ұран көтерілсе - ру жиылар,
Жау келсе — жамағат жиылар.

Құпия жүрген махаббат айрылар күні қор болар,
Жаралы көзді жасырма – бәрі бір жасы сорғалар.

Белгісі болса – жолдан жаңылмас,
Білімі болса – сөзден жаңылмас.

Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді.

Бақыттың белгісі - білім.

Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл.

Ат қасқасы ай болмас

Сараң санға қосылмас.

Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр шыдам қыл.

Атаның ұлы - атасына тартып туар.

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.

Атасынан ақыл алса, тентек ұлда жөнделер.

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.

Еріншекке есік те асу көрінер.
Жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды.

Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады.

Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Кекті тайдыр жолыңнан,
Әділдікті саяла.

Ашу қысса - ақылың ғайып болады.

Кішілік пен кісілік— ұлылықтың белгісі.

Ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам.

Кісілік пен кішілік- ұлылықтың белгісі.

Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Махмұд Қашқари туралы нақыл сөз, канаттты создер Махмуд Қашқари туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Махмұд Қашқари, Махмуд Қашқари

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]