Қанатты (нақыл) сөздер: Ыбырай Алтынсарин

Қанатты (нақыл) сөздер: Ыбырай Алтынсарин

Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.

Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.

Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек.

Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.

Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.

Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс.

Тұмсықтының тамағы,
Шоқу менен табылар,
Өнер-бiлiм дегенiң,
Оқуменен табылар.

Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз.

Байлық — қанағат пен еңбекте.

Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.

Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың.

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.

Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Ыбырай Алтынсарин туралы нақыл сөз, канаттты создер Ыбырай Алтынсарин туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Ыбырай Алтынсарин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]