Қанатты (нақыл) сөздер: Мұзафар Әлімбаев

Қанатты (нақыл) сөздер: Мұзафар Әлімбаев

Сұраған ұят емес, бiлмеген ұят.

Елiң күн ғой. Күннен де биiк бар ма?
Күннен биiк болам деп күйiп қалма.

Күштемеген сөз көкейге тез қонады.

Көз бен қол — көңiлдiң жалшысы.

Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.

Орны-орнына кімді қоймас бұл уақыт!

Көптен қалмау - көкке самғау емес. Әсіресе, өнерде.

Кеңістік пен уақытты,
Жеңген қандай бақытты.
Заман соған соғады,
Даңқ деген тақытты.

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.

Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы.

Өнер тағына рұқсатсыз отырар болар.

Өз жазғанының өнерсізін өшіре алмаған - өнерімен оқырманын өсіре алмас.

«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды.

Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар.

Тауысқанша ішкен - ақылы ауысқанша ішер.

Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.

Түйірдей болса да - түйінді ойың болсын.

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.

Ұқыптының уақыты мол.

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев туралы нақыл сөз, канаттты создер Музафар Алимбаев туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Мұзафар Әлімбаев, Музафар Алимбаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]