Қанатты (нақыл) сөздер: Рэй Крок

Қанатты (нақыл) сөздер: Рэй Крок

Жеңілме…

Мен Құдайға, отбасыма және McDonald’s-қа сенемін. Жұмыста болған кезде оның реті соңынан басына қарай өзгереді.

Маған жай ғана басқа мүмкіндіктерді іздеу керек болды.

Егер тәуекелшіл болмасаңыз, бизнеске тұмсығыңызды сұқпаңыз.

Жұмыс — өмірдің гамбургеріндегі ет.Бәсекелестерім менің жоспарымды ұрлауы мүмкін. Бірақ олар менің басымда жатқан ойымды ұрлай алмайды. Демек, мен әрдайым олардан оқ бойы озық боламын.

Мен өзгелерді жетістікке жетелеген сайын, өзім де жетістіктің шыңына өрлей беремін.

Тұтынушыларыңызды бақылаңыз, сонда кәсібіңіз дамиды.

Гамбургер дайындау кәсібін біз сияқты ешкім шынайы қабылдаған жоқ.

Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.

Тәуекел болмаса, қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін мақтаныш та болмайды.

Табыс — бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да, ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет — табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

Табыс қолыңнан оңай кетеді, сол себепті ештеңені күтпе!

Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі.

Кәсіп майданында сан мәрте рет жараланып, құлаған сайын шыңдалып, әрдайым шайқасқа дайын болдым.

Бізде бакалавр дәрежесін иеленген мамандар өте көп. Бірақ…

Өзіңнің қорқыныштарыңды сенімге алмастыр.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Рэй Крок туралы нақыл сөз, канаттты создер Рэй Крок туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Рэй Крок

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]