Қазақша Нақыл сөз: Марк Твен

Қазақша Нақыл сөз: Марк Твен

Твен (Twaіn) Марк, Самуэл Ленгхорн Клеменс (30.11.1835, Флорида, Миссури штаты – 21.4.1910, Реддинг, Коннектикут штаты) – америкалық жазушы. Балалық шағы Ханибал қалашығында (Миссисипи) өткен. 1853 – 1857 жылдары ел аралап, түрлі қызметтер атқарған. 1865 жылы жарық көрген “Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа” атты әңгімесі оны көпке танымал етті. 1867 жылы Еуропада, одан соң Палестинада болды.

Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.

Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды.

Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.

Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.

Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Мақтаулар - жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат - адамның өз характері мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға жетпес қазынасы.

Жақсылық - бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.

Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.

Қазір қоғамдағы адамдарды екіге ғана бөлуге болады: бірі - түрмедегі жазасын өтеушілер, екіншілері - жазасын өтеуге тиістер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Нақыл сөздер жинағы, марк твен Қазақша Нақыл сөздер жинағы, марк твен нақыл сөздері, марк твен нақыл, марк твен нақылдары, марк, твен, нақыл, сөз, нақыл сөз, қанатты сөз, қанатты сөз марк твен, марк твен накыл создер, марк твен накыл создерi

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]