Әңгіме: Сыбайлас жемқорлық

Әңгіме: Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық деген сөздің өзінен денең түршігеді.Сыбайлас жемқорлықтың жақсы нәрсе емес екенін біле тұра ,соған қарамастан бұл жайт елімізде белең алып тұр.Бұл жағдайдың тоқтатылуына игі шаралар жасалынып жатқаны анық,бірақ бұдан шығаратын қорытынды қаншалықты көңіл көншітер екендігі белгісіз...​​
​ ​ Біздерде біреу жұмысқа орналасса,ақша ұсынған шығар?! Оқу орнына пара бергеннен кейін түскен болар?! Дәрігерге қаралса ,бірдеңесін қолына ұстатпаса қарамайды олар?! Деген секілді т.б.көптеген көңілге кірбің ұялататын сөздерді естіп жатамыз өкінішті...​​
​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұл әлеуметтік мәселенің өршуіне не себеп? Неліктен жиіркенішті дүниенені қоғамымыздың айнасы қылып алдық?! Бұдан құтылудың жолы қандай?Біздер бұл ауқымды мәселені өзінің мамандарына тапсырып қана қоймай өз көмек қолымызды аяп жатпауымыз қажет.Әрбір Қазақстан азаматы мен азаматшасы қолымыздан келгенше қол ұшын созсақ бұл проблеманы түбегейлі жоюымыз хақ дүние.​​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сенің бұдан ұтарың? Біріншіден ,елің,отаныңның ілгері жылжып дамуына жәрдемдескенің.Екіншіден,әділеттілікті орнатқаның. Үшіншіден, Ислам діні бойынша адамдар арасындағы бір кесапаттан арылту,құтылу мақсатында күрескенін үшін саған сауап болғай.​​
​ ​ ​ ​ Қасиетті дініміз бойынша пара алған адамды,пара бергенді және ортадағы делдалды қарғысы атсын!​​​
Яғни парақорлық туған жерде әділдік ,имандылық пен ар-ұят жоғалады-деп ашықтан ашық анық түрде айтылған.Ал,біздің әділдігімізбен,имандылығымыз,ар-ұятымыз осы бір сыбайлас жемқорлықтың астында көмулі тұр.​​
​ ​ ​ ​ ​ ​ Ата-бабамыздан қалған әділдігімізбен,ар-ұятымызды, көктен берілген имандылығымызды сақтап қалу өз қолымызда...
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика 3-курс
Бегісова Айдана
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әңгіме Сыбайлас жемқорлық туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сыбайлас жемқорлық на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, Сыбайлас жемқорлық, Сыбайлас жемқорлық туралы шығарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]