Құтықтау тілектер топтамасы ? туған күнге арналған жылы сөздер

Құтықтау тілектер топтамасы ? туған күнге арналған жылы сөздер

Мына өмірдің тек жақсылығын көріп, бақытын сезіне білген адам ғана өмірде шынайы бақытты болады. Бәріміз өмірге келгеніміз үшін бақыттымыз. Жарық дүниеге келудің өзі зор мүмкіндік. Олай болса бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді аямайық.  

Туған күнге арналған қысқа құттықтау тілектер

Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.


Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.


Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.


Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік,
көрер қызығыңыз мол болғай!


Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз


Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!


Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!


Қарап көріңіз:

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!


Аққудың - ақтығын
Өмірдің - пәктігін
Арманның - ажарын
Бақыттың - базарын
Денсаулықтың - зорын
Махаббаттың - молын тілеймін


Дастан, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып,

Іс табысты, денсаулық мықты болсын!


Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы - өнерлі бол.

Туған күнге арналған қызықты мағыналы құттықтау сөздер

Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар!

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей


Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!


Досыма арналған туған күнге тілектер

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!


Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілейміз.

Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын


Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!


Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.

Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!


Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.


Туған күнге арналған өлең

Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
Туған күніңізбен!

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң - төз
Жарыссаң - оз
Ойнасаң - ұт
Күрессең - жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!


Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!

Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!


Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!


Туған күн құтты болсын!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші - адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші - тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші - қатарыңда кемелді бол.
Бесінші - берекелі, беделді бол.
Алтыншы - арыстандай айбатты бол,
Жетінші - жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.


Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!

Туған күнге арналған видео тілек сөздер


Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.

Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.

Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!


Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.


Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!


Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.


Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды - оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді - олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!


Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!


Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.


Өрге өрлейтін өмір,
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін


Құрметті досым, сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!


Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!


Ағаға арналған туған күнге тілек

Бауыр — адамның бойындағы ауыстыруға келмейтін нәзік мүше екен. Сол секілді туған бауырларымды ешкім де алмастыра алмайтынын, олардың өзіндік орны бар екенін жақсы түсініп жатырмын. Ағатайым, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Бізге қалай демеу болып, жанымызды қаншалықты түсіне білсеңіз, сізге де дәл осындай қарым-қатынас танытар сүйікті жар жолықсын! Зор денсаулық пен мол махаббат бүгінде жаттанды тілекке айналып кетсе де, сізге ең бірінші кезекте осыларды тілеймін. Өзіңіз айтқандай, адамді биіктерге жетелейтін қос қанаты — сүйікті ісі мен сүйікті адамы болады. Алдағы уақытта сізді биік шыңдардан көру үшін осы қос қанатыңыздың талмай самғауына тілектеспін.

Осы күнге дейін жұмыстағы бастамаларыңыз бен ерекше мінезіңізді өзіме үлгі етіп келдім. Алдағы өмірде еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! Туған-туыс, дос-жаран, сүйіктіңіздің ортасында сыйлы болып, мәңгілік бақытты ғұмыр кешіңіз! Тағы да туған күніңізбен!


Әкеге арналған туған күнге тілек

Асқар тауым — әкешім, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Әр туған күнде әдемі сөздер мен тілектер айтылып жатады. Менің қолымнан дәл осылай сөзді әсемдеп жеткізу келмесе де, сізге айтар алғысым шексіз. Өмірге тәй-тәй басқан сәттен сіздің қолдауыңызды көріп өстім. Жүрегім алабұртып, алдым тұманданған сәттерде өзіңізді іздеп тұрамын. Құдды маған кез келген уақытта дұрыс бағыт сілтеуге дайын Жетіқарақшы секілдісіз. Осы күнге дейін анам екеуіңізді шалалықпен көп ренжіттім. Бірақ, ешуақытта кеудемнен итеріп, теріс айналған емессіздер. Сол себепті сіздерге рахмет!

Болат қандай берік болса, сіздің де денсаулығыңыз дәл солай мықты болсын. Шырша қандай жасыл болса, сіздің де күндеріңіз дәл солай мәңгі қуанышты сәттерге толсын! Мәртебеңіз асқар таудан асып түссін. Ең бастысы, әрдайым сіздің атыңызға кір келтірмеуге лайық боламын деп уәде беремін. Анам екеуіңіз біздің ортамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!


Анама арналған туған күнге тілек

Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым, жүрегімнің түкпірінде әрдайым сақтап жүретін ыстық махаббатымды сізге сөзбен жеткізгім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бізді аялап, осы күнге жеткізу үшін талай ұйқысыз да күлкісіз түндерді өткізгеніңізді білемін. Мұның қаншалық азап екенін, баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін енді ғана біліп жатырмын. Сол себепті әр атқан таңымды сізге алғыс айтудан бастаудан жалықпаймын. Отбасын құрып, бөлек кетсем де, әрдайым ыстық ұяма асығып отырамын. Жабыққанда сағынышымыз, тарыққанда ақылшымыз бола білген асылымыз, әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын! Құдай сіз бен әкеме алдағы уақытта тек бақытты күндерді жазсын!


Әпкеге арналған туған күнге тілек

Менің, алтыным, аяулым, періштем, өзіңіздің барыңыз үшін қаншалықты қуанышты екенімді білмейсіз. Өзіңіздей қиын-қыстау сәтте қамқоршы бола білген әпкені сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір! Білесіз бе? Адамның адамдығы қайғыны емес, қуанышты сәттерді бөлісе білгенде көрінетін сияқты. Ес білгелі қуанғанымда қасымнан табылып, менен артық шат-шадыман болғаныңызды білемін. Кейде қабағыңызға қар жауып тұрса да, мен жақсы болсын деген оймен ғана ұрысатыныңызды сеземін. Алла сізге таудай талап пен бармақтай бақты қатар берсе екен деп тілеймін!

Есіктің алдында жайқалып тұрған емен ағашы жуан, жапырағы қалың болса да, қатты жел кезінде тамырымен бірге қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы керісінше нәзік болса да, сәл майысып, жел басылған соң бойын қайта тіктеп алады. Сіз де мен үшін күнделікті тұрмыста да, қызметте де басыңызға қандай қиын іс түссе де, жасымайтын, бағы жанса да, тасымайтын аяулы әпке, адал жар, айнымас адал доссыз. Тіршіліктің қандай ауырпалықтарын көрсеңіз де, ешуақытта мойымаңыз. Осы қасиетіңізбен мен үшін үлгі екеніңізді ұмытпаңыз. Сізді қатты жақсы көремін! Туған күніңізбен!


Бауырыма, ініме, ағама арналған туған күнге тілек

Менің сүйікті бауырым, бүгін ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа кезеңі басталғалы тұр. Жасың кіші болса да, бойыңнан табылған көшбасшылыққа, қарапайымдылық пен мейірімділікке қызыға қараймын. Осы қасиеттеріңнің арқасында діттеген мақсаттарыңа жетіп, әлемдегі ең биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін! Бүгін ғана емес, әр атқан таңда саған шын жүректен әлемнің бар жақсысы мен асылын, қуанышы мен бақытын тілеуден жалыққан емеспін. Сүйікті ісің мен жақсы көрген адамың мәңгілік серігің болсын! Қайда жүрсең де, менің өзіңе тілекші екенімді, қиын сәтте қол ұшын созып, қуанышыңа бір кісідейін атсалысуға дайын екенімді ұмытпағайсың. Алла-тағала пешенеңе тек бақытты күндерді жазсын!


Қарындасыма, сіңіліме арналған туған күнге тілек

Ата-анасының еркесі, асылым, бүгінгі туған күнің құтты болсын! Кеудеңде лүпілдеп соққан жұдырықтай "моторың" ақаусыз жұмыс істеп, жүз жаса! Алда сені көптеген сынақ пен қуанышты сәттер қол бұлғап тосып тұр. Өмірің ой-шұңқыр оқапсыз, тегіс әрі кең болсын деп тілеймін! Сүрінген сәтте сүйеп тұрғызар аға-әпкелерің, қуанып жүгіріп келгенде маңдайыңнан сипар жандардың барын бір сәтке де жадыңнан шығарма. Біз үшін сенің жетістіктеріңнен бөлек, осы дүние есігін ашқаныңның өзі бақыт! Өмір жолың шаттық пен бақытқа толы болсын!

Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленген күн болмаса да, әлемде осы сәтке жетер тамаша күн жоқ. Себебі, бұл біздің әлем, біздің шағын ғана отбасы өзіңмен толыққан күн. Зор денсаудық пен сарқылмас бақыт тілеймін, еркем!


Балаға, ұлыма, қызыма арналған туған күнге тілек

Әрбір бала қай отбасында дүниеге келетінін өзі таңдайды дегенді естіп едім. Сенің біздің отбасымызда дүниеге келгеніңе бірінші Аллаға, екінші саған алғыс айтамын. Ұйқысыз түндердің көп болғанына қарамастан, өмір атты үлкен жолда алғашқы қадам жасауға көмектесу біз үшін үлкен қуаныш болды. Баға жетпес алтыным, өмір жасың ұзақ болсын! Саған осы күнге дейін жақсы тәрбие бердік сенімдемін. Қайда жүрсең де, абыройлы да арлы бол. Өмірден өз орныңды таба біл. Өміріміздің үлкен өзен іспеттес екенін жиі айтып жүремін. Осы өзенде алдыңнан кездескен қайғы-қиындықтардан жеңіл өтіп, жүрегіңнің иесін жолықтырып, бақыт сарқырамасына бірге жетуіңе тілектеспін!

Досыма арналған туған күнге тілек

Бағалым, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Айналамда жақсы адамдар көп, бірақ олардың бәрін бірдей адал дос деп айта алмаймын! Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен өзіңе лайықтының барлығын алғаныңды қалаймын. Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңға қойған мақсаттарыңа жете біл. Өзіңе ғашық жандар әдеттегідей көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!

Әріптеске тілек


Алтын әріптесім, ұжымда сіздей адам барда ешнәрседен қорықпаймыз. Алдымызда кездескен қиындықтарды қасқайып күтіп алып, оларды өткеруге үнемі дайын тұрамыз. Мұның барлығы да сіздің ақыр-парасатыңыз бен мейірімге толы жүрегіңіздің арқасы. Туған күніңізбен құттықтай отырып, жастық келбет пен пысықтығыңыз сізге мәңгілік серік болсын деп тілеймін! Жұмыс күнделікті кішігірім мерекеге айналып, үйіңізде әрдайым жақындарыңыз күлімсіреп қарсы алсын. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болып, қалтаңыз қалыңдасын! Ең бастысы, деніңіз сау болып, осы жастың әлі онын жасаңыз!



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
поздравления с днем рождения на казахском языке, Туған күнге Қазақша Құттықтау - Тілек, туған күнге тілек сөздер, туған күнге құттықтау сөздер, туган күнге құттықтау сөздер, туган кунге куттыктау тилек создер, құттықтау сөздер туған күнге 40 30 50 60 70 80 жас, туған күнге құттықтау тілек сөздер, туган күнге куттыктау олендер, туган күнге олен жолдары, туган күнге арналган олен жолдары, туған күн құтты болсын, туган кунге тилек казакша, туган кун кутты болсын, pozdravleniya s dnem rozhdeniya na kazahskom yazyke, Tuғan kүnge Қazaқsha Құttyқtau - Tilek, tuғan kүnge tilek sөzder, tuғan kүnge құttyқtau sөzder, tugan kүnge құttyқtau sөzder, tugan kunge kuttyktau tilek sozder, құttyқtau sөzder tuғan kүnge 40 30 50 60 70 80 zhas, tuғan kүnge құttyқtau tilek sөzder, tugan kүnge kuttyktau olender, tugan kүnge olen zholdary, tugan kүnge arnalgan olen zholdary, tuғan kүn құtty bolsyn, tugan kunge tilek kazaksha, tugan kun kutty bolsyn, туган кун анага тилек, туган кун ана мама тилек, поздравления на казахском языке с днем рождения маме, туған күнге тілек мама анаға, туган кунге тилек анага кыскаша мама, туган кунге арналган тилек анага, поздравление маме с днем рождения на казахском языке, пожелания маме с днем рождения на казахском языке, туган кунге тилек, туған күніңмен, туған күнге тілек, туған күнге тілектер, туган кунге тилектер
  1. ZHARAR 19 октября 2020 00:13
    0 + 0 -
    керемет тілектер
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]