Досыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Досыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Азамат сайлауының ең мөлдір көзі – достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нәр болсын.

Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.


Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре бер.

Достар!

Жастық шақ - өсіп тұрған гүл емес пе,

Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!

- дегендей жан жағыма көз салсам, бүгінгі кешке әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, қып – қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын көремін.

Ендеше достар, лайым, әрқашан осылай құлпырып жүре беріңдер. Өмірдің ең сұлу, керемет мезгілі – Жастық шақ үшін!

Достар!

Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын!

Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!

Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі – ДОСТЫҚ ҮШІН!

Бір өте бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан «Құдай маған кішкене өмір берші» деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Алла тағала әлгі қарияның көзіне көрініп:

- Пендем қанша өмір сұрайсың? – десе, әлгі қарт:
- Ағаштың жапырақтарымен тең өмір – депті, сонда Құдай:
- Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапыраққа – депті.
- Онда қанша бұтақ бар, соншама – десе,
- Ол да жарамайды, тым көп, - депті Алла тағала, сонда әлгі қария:
- Онда қанша өмір бере аласыз? – деп сұраған көрінеді, сөйтсе:
- Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін – депті Құдай. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен еді.

Біздің халықта «жүз теңгең болғанша, бір досың болсын» деген мақал сөз бар.

Қадірлі достар, өмірде досың жоқ болғанша, өмір сүрмеген жақсы, дүние артта қалар, ал досың бар болса, сен мәңгі бақи өмір сүресің.

Досқа тілек жақсы гой
Дос дегенін асыл гой
Досым дедкен озіне
Кулкі тілейм жүзіне
Айта берсем тілек мол
Алдыңы тек ақ жол
Тілегім шексіз дос десе
Бір тілегім достығымыз ошпесе
Сонау бақыт жерінде
Қол жеткізбес өзгеге
Бар екен бір биік тау
Шыңын жапқан аппақ қар
Боктерінде ну орман
Нарін алған бұлақтан
Сол орманның маңында
Сырқырап аққан өзен бар
Мөлдір суын татқандар
Жүзін көрер шуақтан
Шыңындай таудың белесті
Бағындырып журсең екен әр істі
Шыңындағы аппақ қардай көңілің
Мұздамасын, шаттықтан ақ жүрегің
Нәрлеген сол,ну орманы секілді
Болса деймін досың адал коп ізгі
Сырқырап аққан өзеніндей өмірің
Бола берсін ұзағынан ғұмырың
Мөлдір суын татып жүріп өмірдің
Бақытты бол мәнгі досым бір өзің.
Автор: Арай Бағыбай
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
поздравления на казахском день рождения друга, досқа тілек туған күнге, досқа тілек арнау досыма тилек туган кунге, досыма тилек туган кунине, Қазақша Құттықтау-тілек Туған күн (Жолдас дос), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Жолдас дос), Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, казакша куттыктау тилек туган кунге (Жолдас, дос), туған күнге тілек досыма өлең жолдары, туған күнге тілек досыма, туган кунге тилек досыма оз созимен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]