Эссе: Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.

Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Орал қаласы.

Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкем-Оралымның ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Құндылық

Құндылық-сізге бір заттың. маңыздылығымен пайдалылығы.Ал сіз құндылықты қалай түсінесіз?Әрине құнды заттар,құнды мәліметтер деп ойлауыныз мүмкін.Ия әр адамнын өз құндылығы болады .сіщ сол құндылығынызды білуіңіз қажет!Ата -ананыз ,туыстарыңыз,туған жеріңіз міне осының бәрі сіздің құнлылығыңыз.Ал ана үшін ең құндысы баласы.
Құндылық мәдинетте.

Құндылық-мәдинеттің құрамдас бөлігі.Себебі:құндылық адамдардың өзін -өзі ұстауын реттейді.Мәдинет құндылықтары материялдық және рухани болып бөлінеді.Құнлылықтар мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шартастырылған.
Жалпы адамзат бойындағы құндылықтар......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Елбасы мұраты – ел бақыты

Қағаны – батыр, ақылгөйі кемеңгер болған елдің бағы жанады.
Тоныкөк

Арман... Арман таусылар ма?! Аты аңызға айналған Астананы көруге құштар едім... Игі жақсылардың арқасында жазғы каникулда жол түсіп, еліміздің шаңырақ қаласына бардым. Ғасырлар тоғысында жұлдызы жанған шаһар күлімдей қарсы алып, дем арасында баурап алды. Даңқы алысқа жайылған Бәйтерек жақындаған сайын ажарлана түсті... Астанада болған үш күнім ғажайыптарға толы түстей болды... «Бір кездері «Арқалық» атанған жазық далалы кең мекенді адам баласын қанаттандырар, мынадай көрікті шаһарға айналдыру кімнің ойына келді екен?» деп ойлайсың. Иә, жауабын да білесің. Ол – ата-баба басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерге қанық, білігі мен еңбекқорлығын серік еткен, талай сынға төзе білген, жүрегі «менің елім, менің жерім» деп жырлаған Елбасының идеясы, Елбасының ерлігі.

Біз тәуелсіздік алғанымызға аз уақыт өтсе де, әлем таңдай қағып, қызыға қарайтын елміз! Біз Туымыз көк аспанда желбіреп, Гимніміз асқақтай орындалып, ұрпағы бақытты балалық шағын өткізіп жатқан елміз! Бұл – үлкен құндылық. Мұндай бақыт қалай бұйырды? «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» демекші, бұл бақытқа қол жеткізген бірлігіміз бен көреген саясаты бар Елбасымыз деп ойлаймын......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Ата-ана қадірі

Дана халқымыз «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген. Ата-анаға құрмет көрсету – асыл парызымыз. Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы тиіс. Әсіресе, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Халқымыздың ұғымында баланың ата-ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. «Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені де қадір тұтқан. Ендеше адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның болашағына деген сенімділігі – баланың ата-анасын қадір тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында жатыр.

Әрқайсымыз үшін дүниедегі ең қымбат жандар ата-анамыз болуға тиіс. Олардан жақын адамдар бұл өмірде табыла қоймас. Өйткені, олар біздің туған кезімізден бастап жанымызда жүріп, қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге береді. Оған қоса балаларым аш, қатарынан қалмасын деп «ішейін деп отырған астарын» біздерге сақтап отыратыны бәрімізге белгілі. Сондықтан ата-ананың алдындағы борышты өтеу өте қиынға түседі деп ойлаймын. Туған анамызды әлемдегі мұсылмандар зиярат қылатын Мекке, Мединеге үш рет арқалап алып барсақ та, анамыздың алдындағы борышымызды ақтай алмаймыз, анамыздың бізді тербетіп, бір түн ұйықтамаған кезіндегі борышынан ғана құтылады екенбіз. Себебі, олардың бізге сыйлаған баға жетпес сыйы – өмір. Сондықтан, ата-анаға не істесең, алдыңа өзіңнің балаларыңнан қайтады. Дүние кезек деген осы. Біз өмір бойы жас болып тұрмаймыз. Біз ата-анамызды сыйласақ, біздің балаларымыз да қартайған шағымызда өзімізді күтіп-баптап, бағып-қағатын болады......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Оян, қазақ!

Еуразияның бесігі, қазба байлыққа мол жер-Қазақстан.Бірақ неге соның барлығын біз дұрыстап пайдалана алмаймыз?Халық кез-келген нәрсені билікте отырған кісілерге жабады."Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста" деген сөз бар емес пе?Неліктен ең алдымен өзіміз өзгермеске?

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.,-деп жырлаған, жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген Міржақып Дулатұлының "Оян, қазақ" өлеңіндегі мәселе қазір де орын алайын деп отыр.Бір айырмашылығы қазіргі заманда оқимын десең тегін мектеп, тұрамын десең баспана бар.Демек,ешқандай проблема жоқ. Нағыз проблема қоғам жалқауланып кеткенбе?Ата-бабамыз қаншама ғасырлар бойы өскелең ұрпақ үшін, болашақ үшін жанын қиып, елін қорғады.Қанша жерден қиналса да ешқашан берілмеді.Он жетінші ғасырлардан бастап жоңғарлардан қорлық көріп, екі жарым миллион халқынан айырылды, сонда да елім деп берілмеді.Азаттық үшін күресті.Қарақұмдағы өткен құрылтайдағы Бөгенбай батырдың:
«Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз...» деген сөзі ше?Осы сөздерден-ақ ата-бабамыздың ерлігін сезінуге болады.Бұнымен бәрі біте қойған жоқ, 1928 жылдан бастап Сталиндік репрессия басталды......
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Эсселер
Толық
0 0

Эссе: Туған жер

Бар қазақтың қан тамыры ауылда,
Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.
Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,
Елбасы да жарлық етті қауымға.

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.

Алтын бесік - ауылым! Оның бойында күретамыр болған Ор өзені. Ор - бір ғана сұлулық көрінісі ғана емес, Ор - алыстан ой арғытқан жолаушының аялдар, қонақтар мекені. Басын Мұғалжар тауынан алып, аяғын Ақжайыққа тірейтін еркелей аққан Ор өзенінің бойында алыстан мен мұңдалап тұрған Бөгетсай ауылы орналасқан. Бөгетсай - селолық округ орталығы, елді мекен. Ауыл тұсындағы ағып жатқан Ор өзенінің үстінен үлкен бөгет салынған. Соған байланысты осылай аталған. Ауылымызға жақын жерде Талдыбұлақ деп аталатын табиғи әсем жер бар. Ол жерге жазды күндері демалушылар жан – жақтан көптеп келіп демалады. Суға шомылып, балық аулайды......
Эсселер
Толық
0 0