Бір қалаға қоныпты ұшып келіп, Топтана сексен сегіз қараша үйрек, Төртеуден бөлініпті бір сегізі, Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек, Болған соң бес адамның күзетшісі, Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.
Есепшот
Айнала қарағайдан тұр терегі, Адамға ақыл қосса бар керегі. Ол өзі он өзекті жайлап өткен, Сексен сегіз келеді дөңгелегі.
Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! «Махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Нұршайықов. Біз жеңіске бірге жетейік! Махаббат әрқашан аласармасын!
Шын сүйесiң бе? Онда сендердiң бірге қанша уақыт өткiзгендерiң маңызды емес, ол бәрiбiр саған аз боп көрiнедi. Таусылмайтын уақыттың өзеніне құяр сезім бұлағымыз да.....
Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді - бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп. Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге......
Ассалаумаалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Таң намазы ұйықтап қалу сияқты бір себеппен оқылмай қалса, қазасын қашан өтеген дұрыс. Досжан Жанболатұлы! Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Таң намазықаза болса, күн көтерілген соң қазасын өтеу ниетімен таң намаз сүннетімен қоса оқылады. Абзал уақыты осы. Бұл бесін намазына дейін оқылса. Ал, бесіннен кейін қазасы өтелсе, тек парызы ғана оқылады. Бұған негіз, «Фиқһул ханафи уә әдиллатуһу» кітабының таң намазы.....
Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп - бәріне сендік дейді. Жоқ, онысына мен.......