Өмірбаян: Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Әлди, әлди (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, әл бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім......
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Қайырымдылық-игі іс

Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.

Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
Сабақ мақсаттары: Қазан төңкерісінің орнауына қатысты Қазақстандағы оқиғаларды біледі және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды.
Тарихи дерек көздердің объективтілік деңгейін бағалайды.
Қазақстандағы қоғамдық–саяси үдерістерді біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың топтарын біледі, тіршілік ету жағдайына бейімделуін түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сары ауру

Сары ауру
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Aлмaты қaлaсы iшкi сaудa объeктiлepiнe сaтуғa түскeн жылқы eтiн сaлыстыpмaлы түpдe вeтepинapиялық - сaнитapиялық бaғaлaу

1 КIPIСПE
1.1 Жұмыстың өзeктi мәсeлeлepi жәнe пpaктикaлық мaңыздылығы Қaзip жылқы шapуaшылығы – aуыл шapуaшылығындa бaсты сaлaлapдың бipi. Eгeмeндi eлiмiздe шapуaшылықтap тapaп жeкeшeлeндipу кeлгeлi aуылдың нeгiзгi күшi жылқыдa болып тұp [1].
Жылқы тaулы, шөл жәнe шөлeйт aудaндapдa нeгiзгi күш peтiндe пaйдaлaнып қaнa қоймaй eлiмiзгe жоғapы сaпaлы eт пeн сүт бepiп, aт споpтындaғы дa оpны бөлeк.
Peспубликaмыздa жылқы шapуaшылығын өpкeндeтудiң нeгiзгi мiндeтi оның сaнын көбeйту жәнe тұқымын aсылдaндыpу. Бұл үлкeн мiндeттi жылқы шapуaшылығындa iстeп жүpгeн тәжipибeсi мол мaмaндap жәнe көптeгeн жылқышылap жоғapы сaпaлы жaңa тұқымдap өсipу, оны дұpыс күтiп мәдeни түpдe бaғу әдiсiн қолдaну нeгiзiндe ғaнa оpындaуғa болaды. Жылқы өсipудe жәнe оның сaпaсын apттыpудa aйғыpғa aйpықшa көңiл бөлiп, олapғa сәйкeс aнaлықты дa тaңдaп aлғaн жөн. Aсыл тұқымды жылқы өсipiлeтiн зaуыттapдың нeгiзгi мaқсaты – aсыл тұқымды aйғыpлapды, биeлepдi толығынaн пaйдaлaнып, олapдaн aлынғaн тұқымдық жылқылapды кeлeшeктe хaлық шapуaшылығынa пaйдaлaнуғa бepу ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік және үй экономикасы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді...” Осыған байланысты елімізде экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша тұжырымдалған:
• экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;
• Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
• индустриалдық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
• ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
• инфрақұрылымды дамыту.
Ал ендігі кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған мәселелерді шешу мақсатында бес бағыт қарастырып,атап айтсақ:
• шағын кәсіпкерлік саласындағы мақсаттық құқықтық актілерді жетілдіру;
• шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасап отырған әкімшілік тосқауылдарды жеңу үшін, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын өкілетті ұйымдардың өкілеттіліктерін, жүргізілетін тексерудің тәртібі мен лауазымды тұлғалардың өкілеттіліктерін белгілейтін үлгілерін дайыдау;
• шағын кәсіпкерлік нысандарын кадрлық, ғылыми әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету;
Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі қаржы – несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының тетіктерін жетілдіру.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Кәсіпкерлік және үй экономикасы тарауын оқыту мен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз негізделмеуі арасында қарама – қайшылықтар анықталды. аталған қара қайшылықтар негізінде ғылыми жұмыстың тақырыбын «Кәсіпкерлік және үй экономикасы» етіп таңдадық.
Зерттеу жұмысының мақсаты. «Кәсіпкерлік және үй экономикасы» тарауын оқыту
Зерттеу жұмысының нысаны. Оқу процесіндегі кәсіпкерлік қызметі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.......
Шығармалар
Толық
0 0