Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың қарым-қатынас нышандарын дамыту жаттығулары

Балалардың қарым - қатынас нышандарын дамыту
Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру;
- топты біріктіру;
- сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.

1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты.
Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар.
Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау;
- Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Механика бөлімінің педагогика-психологиялық негіздері

Кіріспе
Қазақстан Республикасы білім беру стандартының, базистік оқу жоспарының қабылдануы пәнді оқыту мазмұнына, құрылымына, әдістемесіне елеулі өзгерістердің енгізілуін талап етеді. Қазіргі кезде физиканы оқытуда оқушылардың болашақта қандай мамандықты таңдап алуына тәуелсіз, олардың пән бойынша міндетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету физиканы оқытудың өзекті міндеттерінің бірінен саналады. Ал физикалық білім берудің ерекшелігіне әрбір оқушының, оның ішінде пәнге ерекше ықылас пен қабілеттілік байқатқан оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың деңгейлік және бағдарлы саралауға бағытталуын жатқызуға болады.
Физиканың жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі жетекші рөлі, жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретіндегі ауқымды гуманитарлық потенциалының болуы, сондай-ақ оның оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы мүмкіндіктері физиканы мектепте жалпы білім беретін міндетті пән ретінде оқытылуы тиіс екендігін көрсетеді.
Оқушыларды қазіргі заманғы ақпараттар ағымының жеделдеп артуымен техника дамуы жағдайындағы өмірге дайындауда және олардың дүниетанымын қалыптастыруда мектепте физиканы жалпы білім беретін пән ретінде зерделеудің үлкен мәні бар. Қоғам өмірінің барлық саласына дерлік компьютерлер енуде, денсаулық сақтау, тамақ өнеркәсібі, құрастыру, күрделі ғылыми, өндіріс, әскери құрал-жабдықтарды жасау мен өңдеу сияқты адам қызметінің көптеген салаларына үнемі өзгеру үстіндегі жаңа технологиялар қарқынды енгізілуде, көптеген мамандықтар лазерлермен, роботтармен байланысты. Сондықтан физика сияқты іргелі ғылымның негіздерімен қаруланудың оқушылар үшін шешуші мәні бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Этнопедагогикалық білім берудің мақсаты — үлтгық сана-сезім, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыру. Халықтың қасиетін жанымен зерделілердің қатарындағы ғүлама ғалым, ұлы ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де алар өзіндік орны ерекше. Үлт құндылығын насихаттап, өлмес өнеге танытқан тәлімгер ақын туындылары қазақ этнопедагогикасының зертгеу нысанасы болып табылады. Қазақ халқының өзіндік болмысын, ұлттық менталигетін танытуда тума талант иесінің туыңцыларының мәні аса зор.
Мөшһүр Жүсіптің мұралары — маржан сөздері мол, тағылымды философиялық ой-толғаныстарға толы асыл қазына. ауыз әдебиетінің мол қорын эпостан бастап мақал-мәтелге дейін, ертегіден бастап жаңылтпашқа дейін тірнектепхаттайі берген ғүлама "Қазақ тілінен асқан бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалгызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында, әулиешілік те осында" деп адамгершілік үғымының тәлімдік мөнін ана тілінің құдіретінен, қасиетінен қазақ (даналық, ұлггық ойлау жүйесі мен ерекшелігін көре. Ақын шығармаларының мазмұны халықтың әлеуметгік-болмысын терең де шынайы сипаттауымен, адам баласының жақсы-жаман қасиеттерінің жан-жақты ерекшеленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛФАВИТ РУХАНИ БІРЛІК НЕГІЗІ

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр. Түркілік қауымдастықтан бөлініп қалмас үшін бізде латын графикасына көшуіміз керек. Онан қалса бұл алфавит экономикалық жақтан тиімді, техникалық жақтан артықшылықтарға ие. Озық ғылыми техникаға жеткізетін жол. Көз алдағы жағдайларды ескергенде және мәселеге бір ғана экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл пікірлердің орынды жағы да жоқ емес. Дегенмен, біз қандай алфавитті таңдаймыз, оның болашақ үшін қандай тиімділігі бар деген сауалдың төңірегінде әлі де асықпай ойланып келелі шешім қабылдауымыз қажет әрі оған мүмкінідігіміз бар.
Бірінші алфавит халықтың рухани болмысын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, ол бір топтың, жекелеген қайраткерлердің еркімен немесе басқалардың ықпалымен шешілетін мәселе емес.
Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.
Тарихи шарт – қабылданатын алфавит руханияттың тарихи тамырын тануға қызмет ететін, төлтума алфавит болу керек. Сол алфавитті қолдану халықтың тарихи жадын сақтауға негіз болуы лазым.
Ғылыми шарт – қабылданатын алфавит сол ұлттың дыбыс жүйесіне сәйкес келетін және дыбыстың даму мүмкіндігіне кедергі болмайтын алфавит болу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШ МҰРАТЫ ОТАНДЫҚ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ НЕГІЗДЕУШІ КҮШ

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Кез-келген елді алға ілгерілететін ұлттық идея. Тіпті бүгінгі
әлем ұлт пен мемлекет ұғымдары арасына теңдік белгісін қойып отырғаны жасырын емес. Кеңестік түсінікте ұлттық идея әсіре ұлтшылдықпен теңестірілді. Бұл қай тұрғыдан қарасақ та ақылға сыйымсыз еді. Расында, қасаң да бұрқасынды жылдары ұлттық идея дегеніміз – мемлекеттік, елдік мүдде идеясы деген мағына беретіні ұмытылды.
Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болатын. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес-тін. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш». Кереге – мемлекет құрылысы, Алаш – идеология. Тоқтам осы-тын. Алаш – жаңа түрдегі елдігіміздің, байырғы айбарымыздың рәмізі еді.
Егер сол тұстағы қайраткерлеріміздің көздегені жүзеге асқанда, қазір біздің еліміздің қосалқы аты Алаш (Алаш Орда, Алаш үкіметі, Алаш Республикасы) болатындығына иманымыз кәміл. Осы ретте бәзбіреулер «сонда олар қазақ атынан жеріген бе?» деп сұрақ қоюы мүмкін. Бұған «әрин, жеріген жоқ» деп жауап береміз.
Есімізге олардың:
Арғы атам – ер түрік
Біз – қазақ еліміз, -
деген әнұраны түседі. Сонымен бірге зиялылар:
Азаматы Алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды,
деген жоқ па?! Осыған қарағанда, Алаш ұғымында рухтық, асқақтық, өрлік мағына бар.
XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы – осы идея.
Алаш идеясындағы қайраткерлердің жемісті еңбек жылдары – ақыл һәм жүрек айбатымен күрескен 1907 жылдан 1937 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты қамтиды. Тағдыр мен тарих оларға осындай мерзімді ғана қиыпты. Одан кейінгі жайы белгілі: айдалды, атылды, ресми тарихтан, ел жадынан аты өшірілді.
Қазір жұрт парламентаризм деген ұғымды жақсы біледі. 1907 жылы Ресей патшасы «әлхамдулла, алты миллионға» (А.Байтұрсынұлы сөзі) жеткен қазақ секілді ұлттарды сайлау және сайлану хұқынан айырды. Зиялылардың табанды күресі осы шақтан басталды.

Петербор, Омбы, Ташкент, Семей тәрізді шаһарлар XX ғасыр
басындағы монархиялық билікке бас көтерген алаштық күрестің
шыңдалу мектебі болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Воронеж батырларына)

Керіліп жатқан кең дала,
Құнарлы қонысы орыстың.
Қанындай қорып сол жерді,
Батырлар, жаумен соғыстың.
Қылауы құсап асылдың
Қыруар елден тоғыстың.
Құрыштан құйған қамалдай,
Бөгедің бермей жол үстін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы

Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірге полимерленуін айтады. Ол тәжірибе жүзінде өте көп қолданылады. Сополимерлену нәтижесінде әр түрлі қасиеттері бар полимерлер алуға болады. Мысал ретінде бутадиен мен стиролды соплимерлеу реакциясын келтірейік:
nCH2=СН-CH=CH2+mCH2=CH=>[-CH2-CH=CH-CH2-]n-[-CH2-CH-]m

C6H5 C6H5

Реакция нәтижесінде бутадиен-стирол каучугі алынады.
Радикалдық сополимерлену үшін жоғарыда қаралған барлық заңдылықтар тән. Бірақ бірнеше мономерлердің қатысуы реакция сатыларын қиындатады. Екі мономердің сополимерленуін қарайық. өсетін радикалдардың активтігі тек соңғы буынның табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының теңдеуін шығару үшін төрт қарапайым өсу реакцияларын ескереміз:

Өсу реакциялары Өсу реакцияларының
жылдамдықтары
М1●+М1=>М1● V=k11[М1●][ М1]
М1●+М2=>М2● V=k12[М1●][ М2]
М2●+ М2=>М1● V=k21[М2●][ М1]
М2●+М2=>М2● V=k22[М2●][ М2]

мұнда Мi- і-типті мономер, Мі●-Мі буынымен аяқталатын макрорадикал, kji-Мі мономерінің Мj● радикалына қосылу реакциясының жылдамдық константасы.
Сополимерленген кезде мономерлердің реакцияға түсу жылдамдықтары мына теңдеулерімен сипатталады:
[М1●][ М1]+ k21[М2●][ М1] (1)

[М2●][ М2]+ k12[М1●][ М2] (2)
Екі теңдеуді бір-біріне бөлсе осы реакция жылдамдықтарының қатынасы шығады:

(3)
Сополимерлену кезінде жүйеде квазистанциор күй туады, яғни әр түрлі активті орталықтардың концентрациясын тұрақтайды. Квазистанциор күйдің шарты:
k12[М1●][ М2] = k21[М2●][ М1] (4)
осыдан
[М1●]= [ М2●] (5)
[М1●] мәнін (3) теңдеуіне қойып және де оның алымы мен бөлімін k12 k21 көбейтіп, кейбір жеңілдіктер жасағанда ол мынадай түрге келеді:

(6)
мұндағы r1=k11/k12 , r2=k22/k21 , r1, r2 , шамалары мономерлердің салыстырмалы активтігі не сополимерлену константалары деп аталады.
Олар радикалға «өз» және «бөтен» мономерлердің қосылу реакция жылдамдықтарының қатынасын көрсетеді. r1 және r2 мәндері реакйияға түсетін мономерлердің табиғатына байланысты. (6) теңдеуі сополимерлер құрамның дифференциалдық теңдеу деп аталады. Бұл теңдеу r1 және r2 константаларын анықтау үшін мономерлердің сополимерге түрлену дәрежесі 5-7% аспайтын, полимерленудің бастапқы сатысында қолданылады. Мұндай жағдайда [M1]/[M2] қатынасы тұрақты, ал сол мезгілдегі лездік қатынас:

болса сополимер құрамының теңдеуі мына түрге ауысады.
(7)
мұндағы [m1] және [m2] мономерлер буындарының макромолекуладағы концентрациясы. ....
Рефераттар
Толық
0 0