Қазақша анекдот: Жарымаған қазақ

Денсаулық министрінің квазиреформасы күшіне ене сала, ауылдағы бір қазақ Аццсотононың клиникасына апыл-ғұпыл тіркеледі.

– Қайдансыз? Мамандығыңыз?
– “Аралсульфаттан”. Тұз тасушымын.
– Денсаулығыңызға не....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0

Ертегі: Не дәмді?

Бір күні қорада тұрған жануарлар қандай тағам дәмді дегенге таласып қалыпты. Әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын дәріптесіпті. Байлаудағы ала сиыр өкірештей жөнеліпті:

— Шіркін, пішен мен таза жемге не жетсін! Солардан дәмді бұл дүниеде бірде-бір тамақ болуы мүмкін емес!

Бұған келіспейтінін танытқан қой мекірене маңырайды:

— Иә, жем мен пішен жақсы-ақ. Бірақ желпілдеген көк майса болса, одан да жақсы ғой!

Бұларға жылқы өз дауын айтады:

— Арпа мен сұлы дәмді емес пе? Күтір-күтір шайнасаң, оның балдай дәмі ......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақстан эпидемиологтары Қырғызстандағы оба індеті тараған аумақты залалсыздандыруға аттанбақ

Қазақстан эпидемиологтары Қырғызстандағы оба індеті тараған аумақты залалсыздандыруға аттанбақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ал Қырғызстанның Ыстық көл облысында оба жұқтырды деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға жатқызылды. Оның бірі 21 жастағы Сары- Қамыш ауылының тұрғыны болса, қалған екеуі 12 және 2 жастағы сәби.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, үш тұрғыннан да аса қауіпті аурудың алғашқы белгілері анықталған.

Қауіпті індет шыққан өңірде тамыздың 30- на дейін карантин жарияланды.

Естеріңізге салайық, өткен жұмада Қырғызстанда "обаға" шалдыққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Белгілі болғандай, ол суырдың етінен әзірленген кәуап жепті.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Ұлбике Жанкелдіқызы (1825-1849)

Жанкелдіқызы Ұлбике (1825–1849 жж.) – қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару.

Туып-өскен жері – Қызылорда облысы Тереңөзек ауданына....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Ана - өмір ана - бақ

Ана! Ол - баланы жарық дүниеге алып келген қастерлі де, аяулы жан. Ана - жұмаққа бастар жол. Ақ шашты ана: «жастығым - балам» дейді, ақылды бала: «ай - күнім - анам» дейді. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұратындай іспетті. Әрбір бала үшін өз өмірінде анасының атқаратын рөлі ерекше!.

Қазақта «Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқта да тимейді» - деген қанатты сөзі бар. Мен......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті

Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті.

Бұл туралы бүгін "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Бүгінгі таңда біздің алтын-валюта қорымыз, ұлттық қорды қоса алғанда, 90 млрд. доллардан немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан асып түсті", - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуразиялық кеңістікте инвестициялық бизнес ахуал бойынша көшбасшылық орында.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бағытында шұғыл реформа жасағанын атап өте келе: "Қысқа уақыттың ішінде сәйкесінше заңдар қабылдап, инвесторлардың сеніміне ие болды және шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарта алды", - деді.

Жаңалықтар
Толық
3 -2