Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұзатылмаған қыз)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұзатылмаған қыз)

Ұзатпады оны. Ұзамады үйден.
Үйі де әрі қашықтау.
...Бір жігіт болды-ау, сірә да сүйген,
Сол жігіт болды-ау жасықтау...

Қарай да қарай айна да ескірді,
Жек көрді, мүмкін, айнаны,
Айлы түндерде ол ойлады ешкімді,
Ешкім де оны ойлады...

Жылай да жылай жастық сарғайды,
Жастық та дұшпан - әр тайса.
...Жігіт пен қызда достық болмайды,
Болады, бәлкім, қартайса...

Тарай да тарай тарақ кетілді,
Кетілген шығар төзімі,
...Ұзақ сақталған шарап секілді,
Ұзатылмаған қыздың сезімі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Ұзатылмаған қыз өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Ұзатылмаған қыз, қыз туралы өлең, қыз туралы өлең шумақтары, стихи на казахском языке про девушек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]