Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан жарымды бір сүйейін түсімде)

Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай,
Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай,
Осы күнде алтын сәулем нағып жүр,
Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Ойлай ма екен тұтқын жарын түн, күндіз?
Жүрек - жара, жасты ма екен қара көз?
Шашын жайып, түн.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат (1)

Тай қазаным күні бойы қайнайды
Ортайып та, сарқылып та қалмайды.
Көл

Қолымыз кір болса,
Мұрынға лас қонса,
Кім деп білеміз досты
Кетіретін кір қоқысты?
Апамыз онсыз түк істемейді,
Кір жумайды, ас пісірмейді
Онсыз, төтесін айтайық,
Адам да күн көрмейді.
Аспаннан жауын құйсын,
Масақ дәнге толсын,
Кемелер жүзсін айдында –
Өмір жоқ онсыз, ол ...
Су

Сен бар әлемді жылытасың,
Шаршауды еш білмейсің,
Терезеден күллімдейсің,
Сенсің кәдімгі ... дейтін.
Күн
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)

Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
Шөп тырма

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Сыпырғыш

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
Балта
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Сабақ жоспары: Суды үнемде (Қазақ тілі, 3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Суды үнемде
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1. Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің негізгі ойын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бейімбет Майлин

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй құдіреті (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Күй құдіреті
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқиды
Көпшілік оқушылар: көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
Кейбір оқушылар: шығармаға байланысты қажетті ақпаратты тауып, көркем оймен жалғастырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0