Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер. Сабақтың тақырыбы: Климаттық өзгерістер №1 Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж1. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру. 7.Ж1.Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу......
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады. Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді. Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады. Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі. Курстық жұмыстың мақсаты: Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыруды мақсат тұтады. Курстық жұмыстың міндеті: Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне: - негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату; - қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау; - қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау; - жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.....
КІРІСПЕ Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған. Зерттеу объектісі: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың “Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының, тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының, Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.....
Кіріспе Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан материалдың бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Колма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны болып табылады. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді. Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады. ....
Кіріспе Мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Міндеті: - Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау - Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру. - Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау. Өзектілігі Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады. Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.....
Араға жарты ғасыр салып өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды, жоғымызды қозғап, барымызды көрсетуге мүмкіндік туды. «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қәзіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетуде.....
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн. Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс. Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.....
Қазіргі экономикалық даму ұлттық экономикалардың аймақтық және бірыңғай әлемдік кешендерге бірігу үрдісіне, еркін сауданың кең аймақтарын құруға тауарлар мен қызметтермен алмасу жөніндегі халықаралық келісімдер ролінің артуына ұмтылысымен сипаталады. Барлық елдердегі ұлттық экономикалар есімдеудің белгілі бір дәрежеде ашық болуда халықаралық еңбек бөлінісімен халықаралақ бәсекеге қосылуда. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару органдарының жүйесінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақытылы қызмет көрсететін неғүрлым динамикалы түрде дамуышы ретінде кеден қызметіне ерекше рөл беріліп отыр. Бұл сыртқы экономикалық байланыстар қарқындарының өсуімен түсіндіріледі. Кеден қызметінің мемлекеттік құрлылым ретіндегі негізгі қызметі мемлекеттің саясатын жүргізу болып табылады. Сондықтан, кеден органдарының қызметтері барлық елдерде дерлік бірдей болғанымен, барлық жерде осы қызметтерді орындау мен қайта бөлудің өзі бірдей деп тұжырымдау дұрыс емес болар еді. Әр түрлі елдерде кеден органдарының алдында түрлі мәселелер қойылды. Кейбір елдерде, әсіресе дамушы елдерде, кеден органдары бюджеттің негізгі "толтырушысы" бола отырып, негізінен фискалды қызметті атқарады. Экономикасы дамыған елдерде кеден органдары есірткімен күресудің негізгі звеносы немесе үкімет саясатының негізгі жүргізушілері болып табылады.....
Сәбиге алғаш тіс шықан кез. Баласы бар аналардың бұл сәт есінде болар. Немесе мұндай кезең сізді де күтіп тұрса керек. Осындай кезеңді қиындықсыз өткеру үшін және баланың тісі шыққанда бірден көмектесетін халықтық әдісті назарларыңызға ұсынамыз!
Сәбиге ең алғаш тіс шыққанда анасының таза саусағын құмарлана шайнағаны да жеткілікті.
Осы сәтте саусақпен баланың қызыл иегін уқалау әдісін қолданып көріңіз. Саусағыңызға шүберек орап алып, содаға немесе бура ерітіндісіне (1стакан суға бір қасық) малып қызыл иекті сүртіңіз. ......
Кіріспе Кодалық құлып күзетілетін тұрғын үйлерге, өндірістік ғимараттарға бөтен адамдардан кіруінен қорғанудың тиімді құралы болып табылады. Олардың артықшылықтары қолданудың қарапайымдылығы, сенімділігі, жоғары деңгейде қорғанысты қамтамасыз ету мүмкіндігі, кодты ауыстырудың салыстырмалы жеңіл болуы (қарапайым механикалық құлыппен салыстырғанда). Сондай-ақ тағы бір маңыздылығы, көп көлемді адамдарға рұқсат етуді көрсеткен кезде кілтті дайындаудың қажет еместілігі. Бірақ мұндай жүйенің бір кемшілігі қаскүнемдіктерге кодты жасырын көру немесе оны теріп алу мүмкіндігі. Алайда, кодтың көп разрядты болуы немесе кодты терудің шектелген саны немесе код теру кездінде сәтсіз болған жағдайда арасына уақыттық кідірісті еңгізу, кодты теріп алуға кедергі жасайтын конструкциялық ерекшеліктерінің болуы бұл мәселе өте күрделене түседі. Сондықтан да соңғы бұны өте ыңғайлы деп атауға болмайды. Берілген дипломдық жобада микроконтроллерді қолдану арқылы тұрғын үйдің сыртқы есігіне электронды кодалық құлыпты әзірлеу іске асырылады. Бұл дипломдық жобада талаптардың бірі болып кодты теру кезінде дабылдық құрылымды қондыру болып табылады.
1 Техникалық бөлім
1.1 Микроконтроллер негізінде микропроцессорлық жүйені әзірлеу Микроконтроллердің негiзiндегі микропроцессорлық жүйе (МПЖ) кейбiр объектiнi басқарудың мiндеттерiн атқару үшiн арнайы енгізілген жүйе ретінде пайдаланады. Осы қолданудың маңызды ерекшелiгi нақты уақытта жұмыс атқаруы, яғни белгiлi уақыт аралығында сыртқы оқиғаларға реакцияның әсер етуі. Мұндай құрылғылар микроконтроллер атауын алды. МПЖ - ні өңдеушiнiң алдында жобалаудың толық циклын өткiзуiн мiндеті, қызмет етудiң алгоритмын әзiрлеуден бастап және бұйымның құрамын комплекстi зерттеуге дейін,тіпті өндіріске қажетті жұмыс жүргізу міндеті тұрды. Техникалық тапсырмада арнайы басқару функциясын дайындаудың контроллерге қойылатын талаптары тұжырымдалады. Техникалық тапсырма микронтроллерді қолданушыға не керектігін аспаптың қандай жұмыс жасау керектігін анықтайды. Техникалық тапсырма жазбаша түсіндірме ретінде ұсынылады. Қолданушының талаптары негiзiнде функцияны анықтайтын функционалдық спецификация құрылады, соған сәйкес құрылғының қойылған талаптарға сәйкестігі анықталады. Ол деректердiң кірістегі және шығыстағы пiшiмдерiн сипаттап, контроллерді басқарушы сыртқы әсерлерді бақылайды. Басқару алгоритмның кезеңдерінің әзiрленуi ең жауаптысы болып табылады, себебi осы кезеңнiң қатесi әдетте жасалынып бiткен бұйым. Техникалық тапсырмада арнайы басқару функциясын дайындаудың контроллерге қойылатын талаптары тұжырымдалады. Техникалық тапсырма микронтроллерді қолданушыға не керектігін аспаптың қандай жұмыс жасау керектігін анықтайды. Техникалық тапсырма жазбаша түсіндірме ретінде ұсынылады. Қолданушының талаптары негiзiнде функцияны анықтайтын функционалдық спецификация құрылады, соған сәйкес құрылғының қойылған талаптарға сәйкестігі анықталады.....