Реферат: Алғашқы әскери дайындық | Жарақаттар туралы жалпы түсінік

Жарақат — сыртқы себептердің әсерінен туын-дайтын аяқ-қолдың іііығуы мен сынуы, ет ткандерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет ткандерінің түтастығы мен қызметінің бүзылуы. Жарақат алу әсері мехаиика-лық, химиялық (рентген сәулелері, радиоактивтік сәуле, электр жарығы, психикалық шошыну, қорқу) болуы мүмкін. Бшіаларда ең көп кездесетін зақьшдану механикалық әсер етуден (ауыртып глу, соғып аиу, сыну, шығып кегуден) туъшдайды.
Шектелген бір уақыт аралығьгада пайда болған түрғындардың белгілі бір тобындағы жарақат жиын-тығын жарақатгану деп атайды^ Оны түрмыстық, спорттық, көшелік, көлікте жарақаттану деп бөледі жөне бүлар кіші жастағы балаларда жиі кездеседі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Нәсіреддин Сералиев | Қарақыз

1

Шынарды біздің ауылдың үлкен-кішісі түгелдей Қарақыз дейтін. Тек мен ғана Қарақыз демей, «апа», не Шынар деп атын атайтынмын.

Көрші едік. Менен он жастай үлкен еді. Мені ол туған бауырындай көретін. Мен де оған үйір едім. Шешем «ізіне ерген не інісі, не сіңлісі жоқ, сосын сені қара тұтады ғой, қайтсын» деп отыратын. Әкесі соғыста хабарсыз кеткен, бір үйде шешесі екеуі ғана. Соғыс кезінде мектепті тастап, майдандағы ер-азаматтар орнын басып, колхоз жұмысына араласып кеткен. Оқи алмай қалғанына өкініп, «жетіншіден әрі оқи алмадым ауылдан ұзап... ой, жағдай киын болды ғой, елдің қарны тойғаны осы ғана» деп, менің кітаптарымды бірге оқысып, «жақсы оқы, жақсы оқысаң адам боласың» деп ақылын да айтып қоятын. Дастан, қисса дегендерге құмар-ақ. Ауылдағы Ахмет деген жыраудан жазып алған бес-алты дәптердей қиссаларым бар. Көбіне маған соны оқытып, «даусың әдемі, нашына келтіріп оқисың» деп мақтап, ұзақ тыңдайды.

Шынар бүйрек бет, бітік көздеу қарақыз еді. Осы түсінің қаралығына қарап жұрт қарақыз атап кеткен-ау деймін. Он үштердегі кезім, көп нәрсені біле бермейім. Жиырма төрттегі Шынарды ауылдың әйел-еркегі. «Отырып қалды. Көк етікті табылмайды, көн етіктіге бармайды. Енді сүйтіп жүріп «кәріқыз» атанады» деп өсектейтін. Шынарды аяйтын менің шешем ғана. «Қайтсін енді, құрбыларының көбі соғыстан оралмай қалды. Шал-шауқанға қалай барсын. Майданнан бірен-сараң аман келген жігіт кімге жетсін» деп аяйды.

Мен де аяймын. Шынарды «кәрі қыз» деп мазақтағандармен төбелесуге бармын. Бірде әлде кім оның есігіне:.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Алғашқы әскери дайындық | ЖАРАҚАТТАР

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Кітапты қоя тұрып парақтаған)

Кітапты қоя тұрып парақтаған,
Кішкене аялдап ап әрі аттанам.
Бір мезет
Дүниені түгел ұмытып,
Өзіммен-өзім болу керек маған.
Қаншама сеніп сөзге,
Еріп тілге,
Қажыдым бір суретті көріп күнде.
Аңсаймын оңашаны,
Керегі жоқ.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Дәуқара Қарақожаұлы

Дәуқара Қарақожаұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың ортасы) - батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Туылғандағы жарақаттар

Туылғандағы жарақаттар



Туылғандағы ісік –терінің қанайналымының бұзылуынан ісіктің пайда болуы. Туылғандағы ісік баста, бетінде, жамбаста болуы мүмкін. Шегі анық емес. 3-4 күнде тарқайды. Емдік іс-әрекет қажетсіз. Мұздық қоюға болады.



Кефалогематома – баланың бас сүйегі мен терісінің арасына қан құйылу. Еңбек аймағында жиі кездеседі. Шүйде, самай аймақтарында сирек кездеседі. Шекарасы анық, бір бөлімнен екінші бөлімге шықпайды. 7-10 күнде тарала бастайды /кей жағдайда 1 айға дейін созылады/.



Емі: Қантамырларының қабырғасын бекіту үшін-хлорлы кальций ерітіндісін, аскорутин тағайындалады, бастырып байлау қажет. Іріңдеген жағдайда хирургиялық емдеу.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Барақ Бигелдіұлы

Барақ Бигелдіұлы - 1693 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы дүниеден өткен. Тама тайпасының Дәулеткелді (ру) руынан, Бағалақ атасынан. Бағалақтан Оймауыт, Оймауыттан Тоқсанбай туған. Тоқсанбай әділдікті ту етіп ұстаған, әрі кең пейілді жан болған деседі. Бармын, жоқпын демей өзін көңілді ұстаған, қонақжай болса керек. Тоқсанбайдан Бигелді туады. Бигелдіден Құлшыораз бен Барақ туады. Екеуі де батыр, бірін-бірінсіз тұра алмайтын бауырмал жандар еді десетін. Екеуінің жолы екіге жарылатын күн келіп, Құлшыораз Еділ-Жайық бойына көшіп кетеді. Барақ Түркістан .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

Жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек

97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.

98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:

жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;

жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;

жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;

жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рұқсат етілмейді.

99. Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орауышында басылған нұсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.

100. Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рұқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір ұлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол ұлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.

101. Жарақат алған кезде көмек көрсетуші қолын жууы немесе саусақтарына йод тұнбасын жағады. Жараның бетін жуылған қолмен ұстаудың өзіне рұқсат етілмейді.

102. Егер жара жермен ластанған болса, дереу қан сарысуының сіреспесіне қарсы дәрі алу үшін дәрігерге барады.



.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Бүгінгінің тойындағы дарақылық...

Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық......
Шығармалар
Толық
0 0