Аталмыш дипломдық жұмыстың өзектілігі – Ирактағы АҚШ-тың қаруланған әскерлеріне араб монархтарының көзқарасы. Әлемдегі мұнай қорының 80 пайызы орналдасқан аймақ арабтардың ертеден мекендеген аумағы еді. Ұзақ жылдар бойы Батыс Еуропа мемлекеттерінің езгісінде болған арабтар Батысқа деген өкпе мен кек сақтап қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін отар болған арабтар біртіндеп тәуелсіздігін ала бастады. Осы кезде Британдық үлгідегі билік, яғни, жергілікті халықты көсемші топқа иек артып, билеу және батыстық үлгідегі карольдік монархияны одан әрі қолдау, немесе панарабистік және исламистік радикализм бағытын таңдау мүмкіндігіне ие болған арабтар көбінесе, панарабистік (либералды демократия) бағытты ұстанды. Бір бөлігі монарх билігін сақтап қалды. Араб монархтары байлықтың көзін аша отырып, нұр үстіне нұр дегендей, жер астындағы мұнайды экспорттау арқылы байлыққа кенеле түсуі принцтерін (балаларын) батыс мемлекеттеріне оқуға жіберіп, экономиканы батыстық үлгіде дамытады. Иран-Ирак соғысы жылдарында Ирактың Кувейтке қарсы экспанциясында өздерінің биліктерін сақтап қалу мақсатында батыс мемлекеттерінің геосаяси мақсаттарына қарамастан, олардың әскери көмегіне жүгінген болатын. Исламистік революцияның таралуына және Ирактың панарабистік идеологияға негізделген агрессияшыл Иракқа қаросы шығу үшін Парсы шығанағындағы серіктестік кеңесі құрылды. Бірақ, аталмыш кеңестің мүшелері біржақты саясат ұстанбады.....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады. «Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.....
Кіріспе Бүгінде еліміздегі экономокалық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» тақырыбының кең орын алуы. Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң, икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз - тоз болып кетті. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал - саймандары яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.....
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде рыноктық экономикаға өту кезінде салық жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъктілерден және халықтан жиналған салық болып табылады. Салықтар біздің өмірімізде бұрыннан үйреншікті жағдайға айналған. Олар күрделі бюджеттік мәселелерді шешудің негізгі құралы болып табылады. Мұнда коперативтік табыс салығы да маңызды рол атқарады. Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор. Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасының салық жүйесi” деп алдым. Осы мемлекеттiң қаржы ресурстарының бастапқы категориясы және мемлекеттiк қызметтердi iске асырудың негiзi болып табылатын салықты жан-жақты талдап, салық салу механизмiнiң қызмет етуiн, салықтың негiзгi элементтерiн және осылардың басын қосып, ұйымдастырып отыратын салық жүйесiн жанжақты талдау осы тақырыптың өзектiлiгi болып табылады. Бұл тақырыпты орындаудағы мiндеттерiм келесiдей: • Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу; • Салық салудың негiзгi элементтерi мен оның құрылымдарын талдау; • Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету; • Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру; ....
Аралбай Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.
Өмірбаяны Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.
Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.....
Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.
Шығармашылығы Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды.....
Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері. 1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді. 1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарларын анықтау Сабақ мақсаттары: Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатының барысы мен нәтижесін талдайды....