Сұраншыбатыр Ақынбекұлы (1815–1864) – қазақ батыры, Саурық батырдың немере інісі. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Ұлы жүздің шапырашты руының Есқожа тармағынан шыққан. Аталары Қарасай батыр, Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел арасына атағы шыққан шешен, батыр болған адамдар. Сұраншыбатыр Ресей өкіметіне Верный (Алматы) бекінісін салуға көмектесті. Орыс әскерлерімен бірге Тойшыбек бекінісі маңында Қоқан ханының 3 мың әскерімен соғысып, жеңіске жетті. 1851 жылы орыс жасағымен қосылып, Орман......
Бесік жыры – ананың балаға деген үлкен махаббатының жырмен өрілген көрінісі. Баланы тербетіп отырып айтылатын осынау керемет жырдың тәрбиелік, тағылымдық мағынасы зор. Әдемі әуеннің астарында жас баланың дені сау, адал, өнерлі, еңбексүйгіш, еліне қорған болатын азамат болып ер жетсе екен деген ізгі тілек бар. Ананың жырмен жеткізген ізгі тілегін тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өсері анық. Сондықтан да әрбір ана өз баласына әсерлі әуен, сырлы сөзбен айтылатын бесік жырын міндетті түрде айтуы абзал. Бесік жырыны көптеген түрлері бар. Біз сіздерге жырдың көпшілікке белгілі деген бірнеше нұсқасын ұсынбақпыз.
Аға сұлтан болып тұрған жылдары Құнанбай Қарқаралы қаласына мешіт-медресе тұрғызады. Өзінің қол астындағы ауылдардың үлкен-кішісін сол мешіт-медресеге тартады. Жас балаларды......