Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы 1-сабақ Оқу мақсаты: 8.Т/Ж2.Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Сабақ мақсаты: Оқушылар: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып түсіндіреді......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Махаббат және абырой Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.2. 1 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.....
Сыни тұрғыдан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде ХХ ғасырдың 70 – жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған. Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталады. Бірте – бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы.......
Менің Отаным - Қазақстан. Ол қазақ халқының атамекені. Бұрыннан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, Шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеседі. Көлемі бес Франция, он екі Бельгияға пара-пар ел. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің арасында тоғызыншы орын алады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – Қазақстанның егінді көп беретін өлкесі, Қостанай қаласы! Ол - ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы.......
Пәні: қазақ тілі Бөлім: Астана-өнер ордасы Сабақтың тақырыбы: Қ Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау Сабақтың мақсаты: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.....
Алматының Пастер көшесімен жүре қалсам, осынау астынғы қабаты белуардан жерге батқан ағаш үйді, осынау бір жағына қарай қыңырайып, қисая бастаған көне ағаш қақпаны көргенде, менің есіме Гауһар түседі. Сондағы бастан кешкен уақиғалар тізбектеліп көз алдыма келеді. Жүрегімде діріл пайда болады.
Біз Гауһармен дәл мына арада кездесіп, танысқан едік. Ол, әне, апа жерде қақпаға сүйеніп, бізге күлімсірей қарап тұрған. Жұп - жұмыр уыз мойнында күн нұрына шағылып, жалт -жұлт еткен ұсақ шынжыр баулы әсем медальон.
Бәрі: көше де, үй де, түбіне шірімес үшін тас орнатып, бағандарды сол тасқа бұрандалап бекіткен қаракөк ескі қақпа да сол сондағы қалпы. Тек Гауһар жоқ. Бәрі шын болғанда, Гауһар ғана елес...
Мен осы арадан әрлі-берлі өткен сайын Гауһардың қарасы жарқ ете қалатындай - ақ қақпадан ішке елегізіп, қарап. өтем. Жоқ, жарқ ете қалмайды.
О, Гауһар, қайдасың? Барсың ба жер бетінде? Бар болсаң, неге кездеспейсің? Жоқ әлде ұмыттың ба сен мені? Менің атымды жүрегіңмен мәңгілікке сызып тастадың ба? Жо, жоқ! Олай болуы мүмкін емес.
2
Соғыс кезі. 1943 жыл. Іске татыр естияр еркек кіндіктінің бәрі дерлік армияда. Ауылда қатын-қалаш, шал - шабыр, ауру сырқаулар қалған.
Мезгіл жетпей үзілген көк жемістей соғыс бізді, балаларды ерте есейтті. Әкелеріміз бен ағаларымыздың еңбектегі қаңырап, босап қалған орымдарына, шамаларымыз келсін, келмесін жарбиын, біз ие болуымызға тура келді. Қазекем бұндайда «ит жоқта шошқа үреді қораға» дейді.
Сондайлардың біреуі мына менмін. Содан бір ғана жыл бұрын тоғызыншыны атүсті бітіргеніме, педагогиканың иісі мынау тәмпіш мұрныма кіріп те шықпайтынына қарамастан, дырдай мұғалім атанып, өзіміздің ауылда, жеті жылдық мектепте aнa тілінен сабақ берем.
Жаз шықты. Оқу жылы аяқталайын деп қалды. Директорымыз күрк-күрк жөтелген көксау шал адам. Әлгі бір күні: .....
Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Айта кетерлік қазіргі уақытқа дейін бұл жайында ғалымдардың зерттеулері аз емес, дегенмен хромотографиялық әдіс топырақтың құрамындағы барлық компоненттерді анықтайтын ең нақты әдістердің бірі, ал бұл әдіс жаңа әдістердің бірі болып табылады. Топырақ құрылысының бүлінуі және де құрамының бүліну себептері мұнай көмірсутектерінің топыраққа көп мөлшерде түсуімен тікелей байланысты. Ал мұнай көмірсутектерінің топыраққа түсу себептерінің маңыздыларын қарастыра кетсек: 1) Мұнайдың шығарылуы және оның тасымалдануының өсуі; 2) Мұнай өнімдерінің апаттық және жасырын төгілуі; 3) Бұрғылау арқылы мұнайды алған кезде топырақ құрылысының бүлінуі т. б.; Мұнай көмірсутектерін топырақтың құрамынан анықтау қазіргі таңда алға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Мұнай көмірсутектерін топырақтан анықтау қиын процесс, яғни топырақтың құрамын зерттеу өте қиын процесс екендігін ескермегенде оның құрамына түсетін мұнай көмірсутектері әр түрлі қосылыстан құралған күрделі құрамды әрі күрделі құрылысты болып келетіндігі зерттеу процессін айтарлықтай қиындатады. Сол қиындықтарға қарамастан күрделі кешенді анализдер және қазіргі заманғы жетістіктер топырақтың құрылысын, құрамын тегістей дерлік зерттеуге мүмкіндік береді......