ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп - оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады. .....
КІРІСПЕ Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі. Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады. Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді. Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.....
Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін - өзі ұстай білу мәдениетіне, бір - біріне көмектесуге және жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру. Қажетті құралдар: Айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары. Рөлдер: Екі шаштараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде. Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық. Балалар:- Сәлеметсіздер ме? Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық. Бәрі бірге: Біз балдырған тең басқан Дос құшағын кеңге ашқан Тілегіміз тыныштық .....
«Арынды арқан» ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім еекіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.
Ойынның екінші түрінде секіре алмай, арқанды ұстап қалған ойнаушылар ойыннан шығып отырады, сөйтіп бір ойыншы қалғанша арқанды айналдыра береді. Осылайша қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.
Келесі үшінші түрін де топқа бөлініп ойнауға болады. Онда да арқанды ұстап қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады да, қай топтың ойыншылары бұрын шықса, сол топ ұтылған болып есептеледі. Бұл ойын жастарды жылдам қимылдауға: тез шешім қабылдауға үйретеді .....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: 7-сабақ Қағаздан ойыншық жасадық Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау 2.1 Сөздік қорды толықтыру 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. 2. Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау. 3. Жаңа сөздерді дұрыс жазу және айту. Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінді тірек сөздердің көмегімен мазмұндайды, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айтады. Оқушылардың кейбірі: жағдаятқа қатысты өз кеңестерін айтады. ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика. Сабақтың тақырыбы:Кітап – адамзаттың ортақ құндылығы. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушылар тірек сөздер бойынша тыңдаған мәтінін мазмұндай алады, сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктерін орынды қолдана алады. Сабақтың мақсаттары: 8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау. 8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану...