Тақпақ: Туған жер

Туған жерім — Қызылорда қаласы,
Шыққан небір дана, ақын дарасы.
Тебіреніп мен жырлайын бүгінде,
Сырдың сұлу, ақ маржанды даласын.
Тақпақтар
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Қыс


Декабрь жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.

Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.

Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.

Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес. Мақал: Қыс қысыл, жаз жазыл.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Қазақстан

Қазақстан туған өлкем.
Неткен ғажап туып өскен,
Кең байтақ жерімде,
Күліп ойнап күлімдеген.......
Тақпақтар
Толық
0 0

Құймақ пісірудің қыр сыры

Аспаздықты сүйетін қыздар құймақ пісіруде көп қателікке ұрынып жатады. Құрамында ұнның, қанттың, тұздың, тіпті құйылатын судың көптігі құймақтың бозарып пісуіне, қатты боп пісуіне, не жыртылып қалуына әсер етеді. Құймақ қамырының құрамы нағыз мінсіздікті қалайды.

✅ 1. Ұнның жабысқақтығын арттыру үшін құймақ қамырына сұйықтықты ыстықтай құйған дұрыс.

✅ 2. Құймақ дәмді әрі әдемі болсын десеңіз, иленген ұнды бірден қолданбай, біраз уақытқа қойып қойыңыз.

✅ 3. Құймаққа қант пен тұзды мәзір бойынша салған дұрыс. Тұзы көп қамыр дұрыс көпірмейді, сол себепті құймақ бозарып піседі. Қантты көп қосқаннан қамыр қатты болып қалады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Көкеністер» сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Мақсаты: Бір-бірінен ажырата топтастыра бөлуге үйрету, үйренген сөздерден қосып сөйлем құрату.
Көрнекіліктер: Көкөністер
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Мотивациялық іс-әрекет Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Тосын сый
Аюдың қойнаққа келуі
Қорытынды:
Балалар, тындайықшы, біреу есік соғып тұрған сияқты, кім екен қарайықшы. Кім екен, балалар?
-Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар аю өз бақшасынаң көкөністер таыуып алыпты, бірақта олардын атарын білмейді екен көмектесіп жүрейік.
-Балалар мынау не?
-Түсі қандай?
-Ал мынау не?
-Оның түсі қандай?
1топ: Ермек саздан қызанақ жасайсындар.
2топ: Қандай көкеніс жетіспейтінің табады.
Қорбаң, қорбаң, қорбаңбай
Келе жатқан аю ғой.
Жақындап оған бармайық
Қатар, қатар тұрайық
Алыстан байқап қарайық.
-Бізге қойнаққа бүгін кім келді?
-Ол не әкелді?
-Ермексаздан не жасадық? –-Ал қандай ойын ойнадық?
-Сабақ ұнадыма?

-Аю
-Сәлеметсізбе




-Қызанақ
-Қызыл
-Қияр
-Жасыл




Балалар іс-әрекет арқылы жасады.



-Аю
-Көкеністер
- Қызанақ
Қандай көкеніс жетіспейді.
Иә, ұнады......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Ақпараттық технологиялар

Күні кеше ғана таңдаулылар ортасында талқыланатын «Ақпараттық технологиялар» ұғымы бүгінгі күні ауқымды көлемдегі құбылыс.
Ақпаратты өңдеу жүйелерін «демократизациялау» көптеген, мәліметтер технологиясы негіздерін «фольклорлық » әдіспен оқитын, яғни аталған пән бойынша кем дегенде жүйелік құжаттарды оқумен қиналмайтын дилетанттар клавиатурасына әкеп соқтырды.
Немқұрайды қараудың тағы бір себебі бар. Интеллектуалдық терроризм деп аталатын түсінік бар, яғни кейбіреулерді математикадан, иформатикадан, программа құрудан «нөл» деп кіналау.
Ең алдымен ЭЕМ дер өндірістін автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндік береді. Оның үстінде сол технология көмегімен ЭЕМ дермен басқарылатын жаңа машина, құрал сайман және құрылғлар жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары «Адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып табылады....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Ақпараттық қауіпсіздік

Хабарлар тасымалданатын байланыс арналары көбінесе қорғалмаған болып келеді және осы арнаға қатынас құру құқығы бар кез келген адам хабарларды қолға түсіре алады. Сондықтан тораптарда ақпаратқа біраз шабуылдар жасау мүмкіндігі бар.
Бұзушы - тиым салынған операцияларды қателескендіктен, білместіктен орындауға әрекет жасаған немесе ол үшін саналы түрде әртүрлі мүмкіншіліктерді, әдістерді және құралдарды қолданатын тұлға.
Бұзушының үлгісін зерттеген кезде мыналар анықталды:
21 Қатарларында бұзушы болуы мүмкін тұлғалардың санаттары жойында жорамалдар;
22 Бұзушы әрекетінің себептері туралы жорамалдар;
23 Бұзушының біліктілігі және оның техникалық жабдықтанғандығы жөнінде жорамалдар;
24 Бұзушының ықтимал әрекеттерінің сипаты туралы жорамалдар.
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:
- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;
- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;
- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;
- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Тақпақ: Арман

Шіркін арман, қынабыңнан

Келесің мені суырып.

Жауабы қиын сұрағыңның

Қаламын кейде жығылып.
Тақпақтар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сәлемдесу түрлері (1 сынып, 1 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы:Сәлемдесу түрлері №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1 Зейін қойып тыңдау.
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.
1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.
1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
2.4 Диалогке қатысу.
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.
Кейбірі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Диалогқа қатыса алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №1 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну.
2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалім көмегімен қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0