Кіріспе Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. ....
Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: 6-сабақ Бала Абай Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну. 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау. 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану Сабақ мақсаттары: 1. Мәтіндегі айтылған ойды түсініп, сұрақтарға жауап беру. 2. Мәтінді дұрыс оқу және жанрын ажырата білу. 3. Жіктік жалғауын дұрыс қолдану. Оқушылардың барлығы: мәтінді оқиды, тыңдайды, мәтіннің мазмұнын түсінеді, жалғауларды дұрыс қолданады. Оқушылардың көпшілігі: батаны мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын айтады, тиісті сөздерді ретімен қолданады. Оқушылардың кейбірі: өлеңді орфоэпиялық нормаларды сақтай отырып мәнерлеп оқиды, сұхбаттасын түсініп, олардың жауаптарын толықтырып отырады. ....
Біз бетіне тұтас жапырақ пен гүлдің суреті және әр түрлі оюлар салынған, өзі әбден қарайып кеткен баяғының кәдімгі екі кебежесін көріп пе едіңіз? Үлкен әжеден мұраға қалған дәл осындай кебеже бөлменің ішінде тұр. Беті толған өрнек раушан, қызғалдақ гүлдерімен, тағы басқа неше түрлі оюлармен безендірілген. Ара-арасында бұтақ мүйізді еліктің басы көрінеді, ал дәл ортасына тұтас адам бейнесі ойып салынған. Тісі......
Кіріспе Қоғамдық тамақтандыру әрбір еджің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндірү, сату сияқты қызметтерді атқарадыҚоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оныңпайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде елімізде ай сайын онға жуық мейрамханалар ашылуда. Мейрамхана бизнесі күннен күнге өркендеп, дамып келуде, алайда оны дурыс, сауатты және дұрыс ұйымдастыру - өте қиынға әкеліп соқтырады.....
"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.
Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:
— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».
Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.
Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.
Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
Алты жасқа қараған бала денесінің дамуында ерекше өзгерістер байқалады. Бойы – 116см, салмағы – 21, 5кг, көкірек аумағы иығы, жанбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады. Сонымен бірге ұл бала мен қыз баланың дене мүшелерінің дамуында айырмашылықтар байқала бастайды. Мысалы, қыз баланың көкірегі тез дамиды, саусақтарының салалығы әр түрлі болады. Ұл баланың дене мүшелерінің жетілуі бір - бірімен өте тығыз байланысты өтеді. Бес жаста баланың буындары, сүйектері (206), бас сүйегінің мөлшері, формасы, құрылысы жағынан әр түрлі дамиды. Дегенмен, бұл кезде сүйектері қатая қоймаған, иілуге икем келеді, (сондықтан жиі зақымданғыш) жығылудан, бір жерін ұрып - соғып алудан сақтаған жөн. Бұл кезде баланың ірі бұлшық еттері бір шама қатайғанмен, майда бұлшық еттері, саусақтары әлі де әлсіз. Баланың мінез - құлқын реттеуде жоғары ми қабығының мөлшері артып, жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, мидың алдыңғы бөліктері шапшаң дамиды, сондықтан күрделі ұғымдарды түсінеді (киім дегенде бала барлық киімнің түрлерін, ойыншық дегенде барлық ойыншықтардың түрлерін айта алады), ойыншықтар мен қуыршақтар мен әрекет жасай алады, бұл заттардың бәрін адамдар жасағанын түсінеді, қуыршақ театрының кейіпкерлерінің кейбір сөздерін, тақпақтарын жатқа айта алады. .....