Өзен және олардың маңызы. Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия көзі де болып табылады. Су – құрлықтағы сұйық,қатты және газ күйінде болатын,бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: 1) өзен; 2) көлдер; 3) жер асты суы; 4) мұздық суы.
Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені.
Қазақстандағы ең ірі өзендер.
Өзен аты Ұзындығы, км Алабының ауданы, км² Ертіс (Қара Ертіспен бірге) 4331 (1698)* 1592000 Сырдария (Нарынмен бірге) 3078 (1682)* 462000 Жайық 2534 (1082)* 220000 Есіл 1900 (1400)* 144000 Тобыл 1678 (668)* 394600 Іле (Тегеспен бірге) 1384 (802)* 1538200 Нұра 911 53147 Елек 605 42000
* Қазақтан жеріндегі ұзындығы
Өзен жүйелері мен алаптары.Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер асты өзенге су жиналатын аймақ. Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі. Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты. Қазақстан барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді: 1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы 2) Ішкі тұйық көлдер алабы....
Менің Отаным - Қазақстан! Сонау Каспий теңізі мен Алтай тауларын алып жатқан атырапты қаншама адам өлең - жырларына қосқан. Кіндік қаным тамған туған жерім қасиетті әрі жұмбақ өлкелерге толы. Әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары тарихқа бай. Сонымен қатар, біз білмейтін құпия да жетерлік. Биыл жаз айларында Шығысымның көрікті....
Мұның негізі «төркін» деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына арнаулы (ресми) түрде баруы «төркіндеу» деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс. Төркіндеу — әр қыздың парызы және ол бір-ақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстұрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз бір жыл өткеннен кейін ғана төркініне барып қайтады. Жыл аунамай төркіндеуді жаман ырымға балайды. Ерекше өлім-жітім, той-томалақ, ас бергенде болмаса, жыл толмай төркініне бармайды. Ұзатылған қыздың жыл аунап төркіндеуінің өзіндік жолы, сыры, мәні мағынасы бар. Төркініне жалғыз күйеу баланы ғана сопитып ертіп баруды ерсі көрген. Қайта сәбиді көтеріп, төркіндесе, әдемі жарастық, жақсы жол болады. Үшеулеп келген күйеу, қыз, жиенге арнап ақ сары бас қой сойып, үлкен той жасап береді. Күйеумен қызға, балаға төс, асық жілік арнап асады. Кетерінде жиенге қырық шыбар тай (кей жерде қырық серкеш) қызына бұзаулы сиыр, күйеуге шапан жауып ат мінгізеді. Қызына әсте сыңар мал бермейді, жағдайына қарай құлынды бие, қозылы қой, боталы түйе, лақты ешкі береді. Онысы - «қуыс үйден құры шықпасын», «бала жолы - бал» десе, енді бір жағынан сыңар мал бермеуі - қызымыз сыңар қалмасын, дәні арылмасын, жан жарынан айырылмасын ылғи да жұп жүріп, ұрпақты болсын дегені. Ал жыл өтпей, уақыт жетпей төркіндетпеуі - ұзатылған қыз жат жерге бауыр бассын, үйіне қайта берсе, төсегінен суып қалмасын деп отбасына сүйспеншілігі артсын дегені. .....
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. (Күй әуені күмбірлеп тұр). Көрініс Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 23-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын! Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, Серпін таста мұңды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық .....
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу.Қайырымдылық қадірлі іс. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1* сурет, жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін/ көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу 3.4.1.1 дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу. Сабақ мақсаттары: Кейіпкерлердің сипаттамасын анықтайды,салыстырады , негізгі идея бойынша өз ойын дәлелдейді, мәтін құрастыра алады Кейіпкерге сипаттама беріп үйренеді. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беруді үйренеді; х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазуды үйренеді.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: -жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; -сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды; -мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. Оқушылардың көбі: -тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; -негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді. Оқушылардың кейбірі: -сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады; -туынды сын есімдер жасай алады; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.......
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар Сабақтың тақырыбы: Фастфуд тағамдары Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Т/А6. Сөйлеу мәдениетін дамыту Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу. Сабақтың мақсаты: Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады; Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай біледі......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 6-сабақ Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.....