Балабақша сабақ жоспары: Көңілді қыс

Бөлімі: Тіл дамыту
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Менің денем» ақпараттық постер (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы:«Менің денем» ақпараттық постер (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4.5.1 мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазады.
Көптеген оқушылар: ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазады.
Кейбір оқушылар: ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасы 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.3. 1 - шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көзің нұрсыз дейсің сен)

...Содан бері шыныммен жыламадым,
Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым.
Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің,
Әлде бір шыныңмен-ақ сынағаның
Оның рас, несіне қынжыламын,
Нұрсыз көздің көрсеңші тұнжырауын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И2. Автор бейнесі
Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Иманды болғыр, атекем!
Аузымнан қайтып тастайын.
Бір пайғамбар Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Әкешім өтіп дүниеден
Басыма түсті қиын іс.
Бір пайғамбар Жақия,
Ноқалап тіккен тақия.
Әкешім өтті дүниеден,
Айрылып қалдым қапияда.
Алмалы бұлақ ағылар,
Алмасы бетке жағылар.
Айналайын, әкешім!
Іздесем қайдан табылар.
Тауға мұнар түсіп тұр,
Тау жемісі пісіп тұр.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Зар заман ақындары

Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "зар заман" ақындары деген ат қойдық. Бұл ақындардың дәуірі жоғарыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады.

Біз тарихи өлеңдерді қарастырған уақытта, осы жүз жыл қазақ тіршілігіне қандай жаңалық әкеліп, қандай күйге түсіргенін айтқанбыз. Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі алуан адамды шығарды дегенбіз. Біреуі – тарихи өлеңдерде саналған ел қаһармандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Қазіргі қарастырғалы отырған зар заман ақындары – сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарихи көлемінде қарастыру керек. Бұларды ұғу үшін соларды туғызған ел мен шартты тарих бетінен ұғыну керек. Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі өлең, жырға тарих суреті қандайлық болып түсті, зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдерден басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Онан соң әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, анықтамақ болған түйінді мәселелер осылар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0