Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сағат неше? (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Сағат неше?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, мұғалімнің қолдауымен жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем құрастыруда тілдік нормаларды сақтайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Құрлық суларының пайда болуы мен қалыптасу жолдары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Құрлық суларының пайда болуы мен қалыптасу жолдары №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.1 құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды
8.3.3.2 құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді (қазақстандық компонент негізінде)
Сабақ мақсаттары: А) Құрлық суларының типтерін біледі,
Құрлық суларының негізгі түрлерін біледі
• Құрлық суларының ерекшеліктерін біледі
• Дүние жүзінің құрлық суларының түрлерін анықтайды
Картадағы өзендердің, мұздықтардың және жер асты суларының орналасуын біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бойы бір қарыс cақалы қырық қарыс

Бұрынғы өткен заманда бір кедейдің үш ұлы болыпты. Бүкіл өмірі байлардың есігінде өткен кедей өлерінде үш ұлын қасына алып отырып өсиет айтады. «Үйдің шығыс жағында бір жалмауыз бай бар, соған өлсеңдер де жалданбаңдар», – дейді.

Әкесі дүниеден қайтқан соң үш баласы қызмет істеуге кіріседі. Ең әуелі қызмет іздеп, ең үлкен ағасы үйінен кетеді. Ол көп уақыт жүріп, қызмет таба алмай әкесі «барма» деген байға барады. Бай мұны көрген соң «хош келдің» деп қарсы алады. Бай бұған:

— Саған бір қызмет берем, соны орындасаң, жалшылыққа алам. Ал орындай алмасаң, басыңды алам, бәрібір басқа байларда жұмыс жоқ, – дейді. Кедейдің үлкен ұлы:

— Жарайды, жұмысыңды істеймін, – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Сол бір сапар

Жаз. Біріншіні бітіріп, демалысқа шыққанбыз. Ауданнан жарлық кепті: колхозаралық пионер лагері ашылады. Соған сабақты жақсы оқитын үш бала жібересіңдер. Әрқайсысы өзімен бірге бір пұт үн, бір серке (немесе қой) ала келуі керек. Бұл оның бір aй бойына ішіп-жейтін азығы болады дейді.

Аудан айтты — ауыл үшін заң. Колхоз басшылары мен бізді оқытатын мұғаліміміз абыр-сабыр қам істей бастайды. Қазіргідей емес, артельдің сіңіріне сүрінген кезі. Лагерьге баратын үш бала оңай табылғанмен үш пұт үн, үш серке оңай табыла қоймайды.

Осы барсын, осы барсын деп, арқадан басып таңдаған үш оқушының біреуі мен екем. Қалғаны Ахмет, Садық деген балалар. Жастарымыз шамалас.

Қазіргідей дыр еткізіп жөнелетін машина ол кезде жоқ. Колхозда ат арбаның өзі жетіспейді. Дегенмен колхоз бізді лагерьге жеткізіп салуға бір арбасын береді. Арба айдаушы Базарбай дейтін мінезі күйгелектеу, өзіміздің жамағайын.

Сонымен, аудан айтқан жағдайларды түгел жасап алып, лагерь қайдасың деп жолға шықтық.

Лагерьге бала жіберу ол кезде ел салтына енбеген. Лагерь ол не зат? Онда барған балалар не істейді? Бұны біз түгілі, ата - аналарымыз да жөнді білмейді. Әйтеуір сабақты жақсы оқитын балалар барады деген сөзге қарап, жаман болмаса керек деп топшылайды.

Лагерьдің қандай болатынын кезбен көріп білгенше, біз асығудамыз.

Лагерьдің ашылған жері Құмтекей деп аталатын жазық дала. Бұл арадан елу шақырым шамасы. Арбаға жегілген арық ат бір күнде алып бара алмайды. Ара қонып, ертең жетеміз деген жоспармен шығып келеміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Наурыз

Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.
Тақпақтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Көлік саласы | Қазақстан Республикасы үшін көліктің жай-күйі мен дауы

КІРІСПЕ
«Адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш» Шығыс мақалы
Жұмыстың мақсаты: Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты асу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесетін болады. Көлік жүйесін өңірлік дамыту ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау барысы, яғни сайлау технологияларының Қазақстандағы қалыптасуы мен даму ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен қатар, саяси-әлеуметтік жүйенің сайлау институтына және сайлау технологияларына әсері қарастырылады. Сайлау институты, сайлау технологиялары, электоралдық формула, сайлау инженерингі сияқты ұғымдардың анықтамаларына әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалынып, бірқатарына өзіндік көзқарасымызды білдіреміз.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік туып отыр. Оған дәлел, бізде еркін және ашық демократиялық қоғам орнап жатыр. Барлығымызға белгілі, былтырғы жылы (2007 ж.) елімізде Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы кеңінен талқыланды. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тапқыр қоян

Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыт, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Билингвальды құрағыш: Жануарлар - животные қоян - заяц
Сөздік жұмыс: Бөлтірік, мыршай, миығынан күлу.
Технологиялық қамтамасыз ету: Суреттер, ойыншықтар, мнемосхема.

Мотивациялық - қозғаушылық
1. Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз!.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қармақтай боп қадалған желбезекке)

Қармақтай боп қадалған желбезекке
Қанша шаруа, бауырым, тұр кезекте?!
Оны қойшы!
Көргенде небір жайды
Ішің толып кетеді бір мезетке.
Мәз болмашы
Шағылған ерте тауы
Азаматтың басынан сірке тауып. .....
Өлеңдер
Толық
0 0