Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында сақтандыру шарты экономикалық қатынастары

Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік суъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы заңдарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.
Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бап 1- тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. 28-бабының 2-ші тармағында Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. Сонымен қатар 29-бап 1- тармағында Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Сақа

Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қуалап соқ

Қуалап соқ — ұлттық ойын.

Ойынға оннан отызға дейін адам қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20—30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады.

Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.

Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса — жеңілгені.

Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Жеңілгендер алдын ала белгіленген тәртіп бойынша өлең, тақпақ, не мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады.

Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік / тәуелдік / септік / жіктік жалғаулы сөздерді ауызша / жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, тақырыпқы қатысты сөздерді табады, сөздерді дұрыс жазады
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды
Оқушылардың кейбірі:
Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жазуда каллиграфиялық нормаларға сай қатесіз жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;
8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш саяси партиясының құрылуы мен оның маңызына баға беріп, алғашқы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі маңызын талдау. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0