Ағыбай батырҚоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802–1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І. Есенберлиннің.......
АлтынайұлыҚарасай - қазақтың қаһарман батыры, қолбасшы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. 1589 жылы Алматы облысының, Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде, Жетісу өңіріндегі Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, 1671 жылы Сарыарқадағы Көкшетау......
ЖалаңтөсСейітқұлұлы Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген. Жалаңтөсбатыр мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы Жалаңтөсбатыр бес жасқа келгенде әкесі Сейітқұл хан (Сейітқұл 1570 жылы өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан болады да, 5000 тұрақты жасақ құрып, жеке ел билейді) оны Нұратадағы.....
Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа......
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының......
Ерте заманда бір қойшы бір байдың есігінде жиырма жыл қой бағыпты. Күндерде бір күн ел-жұртын сағынып, туған-туысқандарына барып қайтуға байдан бес жылға ұлықсат алады. Ол үшін келген соң тағы да жиырма жыл байдың қойын бағатын болады. Жиырма жылғы ақысына бай қойшыға бір саржа мен бір құнан шығар ат береді. Қойшы қуанышы қойнына сыймай еліне қайтады. Қойшы бірнеше күн жүргеннен кейін, бір елге келеді. Келсе, ел-жұрты жиналып, абдырап, шаршап отыр екен. Сұрастырса, ханның сөзге шебер, көркемдігіне көз таң қалғандай жалғыз қызын бір түнде ұйықтап жатқан жерінен дәу ұрлап алып кетіпті......
Ассалаумағалейкүм, батырЕрден, Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден. Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей Көзіме көріндің-ау келген жерден. Сұңқардың екі мұртың жебесіндей, Ақылың Оман.....
Бұрынғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда, ... Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде Байбөрі деген бай бопты, Төрт түлігі сай бопты. Тоқсан мың екен қорасы, Мұрындық.....