Курстық жұмыс: Экономика | Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері

Кіріспе
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатнастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорла – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатың және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатнастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу әлеуметтік - экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.
1. Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жарлы бай)

Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,
Байларға кейбір сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,
Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?
Малыңда не қызық бар ептеп жиған,
Жаныңа еш рақат етпей жиған? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі.
Жұмыстың мақсаты:
Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады:
1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану
Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары:
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруде меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова ("Айнакөл" "Ақкөл" "Билікөл")

Маздақ от маңдайымды сүйді менің,
Басымды қасиетіңе идім, елім.
Басылмай сағынышым келгенімде,
Алдымнан шықты мұңлы Билікөлім.
Айдының мейрам еді, сайран еді,
Әдемі аймалаған майда лебің...
Алдымда жатты тағы жаутаң қағып,
Айрылған айнасынан Айнакөлім.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлғалық және кәсіби дамуы

Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы және кәсіби дамуы.
Міндеті: Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Актуальдылығы: Индивидтің тұлғалық және кәсіби даму процесіндегі қарым-қатынастың алатын орны.
Теориялық маңыздылығы: Біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Практикалық маңыздылығы: Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері

Кіріспе
Тарих ғылым, пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәрпбиесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнына, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтылғандары жоқ. Әбу-Насыр -Әл –Фараби «Тарихты білмей -өткенді, қазіргі жағдайды, келешекте болжау қиын» -десе, А. Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттасы -тарих» -деп өте жоғары бағалаған.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, Қазақстан тарихын оқытуға айрықша деп қойды. Қазақстан тарихы қазір барлық оқу орындарында, ал мектепте 5-11 сыныптарда оқытылады. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.
1998 жылы Мемлекеттік білім стандартыының қабылдануына байланысты барлық мектептік пәндерден, солардың арасында тарихтан да жаңа бағдарламалардың жобалары жасалды. Қазақстан тарихы бойынша оқушыларға да, мұғалімдерге де қажетті бірқатар құралдар жарық көрді.
Қазақстан тарихын немесе оның жекелеген материалдарын мектептерде оқыту мәселесі қашан, қалай көтерілді, оған алғаш кімдер бастамашы болды? – деген сұрақтардың жауабы қарастырылады. Өйткені курс, не пән мектепте оқытылмай тұрып, оны оқыту әдістемесі туралы сөз болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

КІРІСПЕ.
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0