Қазақстан эпидемиологтары Қырғызстандағы оба індеті тараған аумақты залалсыздандыруға аттанбақ

Қазақстан эпидемиологтары Қырғызстандағы оба індеті тараған аумақты залалсыздандыруға аттанбақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ал Қырғызстанның Ыстық көл облысында оба жұқтырды деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға жатқызылды. Оның бірі 21 жастағы Сары- Қамыш ауылының тұрғыны болса, қалған екеуі 12 және 2 жастағы сәби.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, үш тұрғыннан да аса қауіпті аурудың алғашқы белгілері анықталған.

Қауіпті індет шыққан өңірде тамыздың 30- на дейін карантин жарияланды.

Естеріңізге салайық, өткен жұмада Қырғызстанда "обаға" шалдыққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Белгілі болғандай, ол суырдың етінен әзірленген кәуап жепті.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті

Қазақстанның алтын-валюта қоры 90 млрд АҚШ долларынан асып түсті.

Бұл туралы бүгін "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Бүгінгі таңда біздің алтын-валюта қорымыз, ұлттық қорды қоса алғанда, 90 млрд. доллардан немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызынан асып түсті", - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан еуразиялық кеңістікте инвестициялық бизнес ахуал бойынша көшбасшылық орында.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу бағытында шұғыл реформа жасағанын атап өте келе: "Қысқа уақыттың ішінде сәйкесінше заңдар қабылдап, инвесторлардың сеніміне ие болды және шамамен 200 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарта алды", - деді.

Жаңалықтар
Толық
3 -2

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дүниежүзі тарихы (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-тоқсан
Бөлім: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін
Бөлім: Өзен алқаптары өркениеттері
Бөлім: Ежелгі Египет

2-тоқсан
Бөлім: Қос дөңгелекті арбалар және империялар
Бөлім: Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы

3-тоқсан
Бөлім: Ежелгі Қытай
Бөлім: Ежелгі Грекия
Бөлім: Ежелгі Грекия мәдениеті

4-тоқсан
Бөлім: Рим империясының гүлденуі
Бөлім: Дәуірлер кезеңіндегі Рим
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0