Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шын сорлы)

Күн суық, қатты аяз, шыдар емес,
Қар борап соққан желмен қылып егес.
Кедейлер үсіп-тоңып, дір қалтырар,
Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Түн болып, қара тонын киіп еді,
Қатты жел барлық күшін жиып еді
Ақтарып астын үст қып, гулеп соғып,
Дөндегі қарды ойға үйіп еді.
Д үрілдеп сұп-суық.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (салыстыру, теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқып, қажетті ақпаратты табады.
Көпшілік оқушылар: түрлі дереккөздерден ақпаратты табады, сызба түрінде көрсетеді
Кейбір оқушылар: өлеңдегі әдеби көркемдегіш құралдарды табады...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қауынның емдік қасиеттері

Қауынды адамдар тамаша дәмі мен пайдалы диеталық қасиеттері үшін бағалайды. Хош иісті, тәтті қауынға қарағанда жақсы десерт табу қиын. Хош иісті, тәтті жемісінің құрамында крахмал, белоктар, дәрумендер, пектин, органикалық қышқылдар және минералды тұздар болады. Әсіресе, құрамында темір және калий тұздары көп. Сондықтан...
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Түнгі қонақ

Бекәділ дәлізде тұрып, өз бөлмелерінде сабақ дайындап отырған екі баласына:

— Ау, Әли, Мұхтар, сағат он боп қалды. Аяқтарыңды жуып, жата берсеңдер де болады, — деді.

— Жат, жатыңдар. Таңертең тұрмай әлек қыласыңдар! — деп, Ләззат күйеуінен гөрі қаттырақ ескертті.

Кіші ұлы Мұхтар күндегі әдетімен:

— Сендер қайда барасыңдар?

— Қайда барушы ек. Алаңда біраз сейілдеп, жүріп қайтамыз.

Үш бөлмелi кем үйде Әли, Мұхтар оңаша қалды. Әли алтыншы, Мұхтар бесінші оқиды. Жоқ, ата-анасын тыңдамайтын немесе жүре тыңдап, бір айтқанды он қайтара айтқызып, әке менен шешенің ашу - шамына тиетін қыңыр-қисық балалар бұлар емес. Әр нәрсенің шөгін білетін тәрбиелі балалар екеуі де. Сабақты жақсы оқиды. Мұғалімдеріне де, таныс көрші-қолаңға да жағымды.

Кітап - қағаздарын жиыстырып, столдан бірінші боп тұра берген Мұхтар кішілік шолжаңдау мінезі ұстап, Әлидің қалқиған құлағына шертіп келіп қалды. Әли тек осыны

күтіп отырғандай сақ еді. Зыта жөнелмек болған Мұхтарды ол екі аттатпай-ақ ұстап алды. Екеуі сол арада, еденге төселген қызыл ала кілемнің үстінде, таласқан иттерше апыр-топыр болды...

Стол басында көбірек отырыңқырап қалғанда, әсіресе, үйде әке, шеше жоқта, бойдың құрыс-тырысын осылайша жазып алу олардың қашаннан бергі әдеті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Қазақ тілім

Өкіметім керек емес өзге тілің,
Өз тілім ең алдынғы болады орын.
Бабаларым сақтап қалған ҚАЗАҚ ТІЛІМ,
Қымбат, асыл мұра болған білім.!
Өлшенбейтін ақшаңмен осы ғана,
Оныда сен құртпақшы болдың жана.
Жетімдердің үйін жабам....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Биология (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Биология» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Мазмұны

1-тоқсан
Тарау Молекулалық биология және биохимия
Тарау Жасушалық биология
Тарау Қоректену

2-тоқсан
Тарау Заттардың тасымалдануы
Тарау Тыныс алу
Тарау Бөліп шығару

3-тоқсан
Тарау Жасушалық цикл
Тарау Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Тарау Эволюциялық даму. Селекция негіздері. Тірі ағзалардың көптүрлілігі

4-тоқсан
Тарау Координация және реттеу
Тарау Қозғалыс
Тарау Биомедицина және биоинформатика
Тарау Биотехнология
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақ тілі Т2 (Бастауыш 2 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мазмұны

1-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлім: Айтылым
Бөлім: Оқылым
Бөлім: Жазылым
Бөлім: Тілдік нормаларды қолдану

2-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлім: Тыңдалым
Бөлім: Айтылым
Бөлім: Оқылым
Бөлім: Тілдік дағдылар
1
3-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлім: Айтылым
Бөлім: Оқылым
Бөлім: Жазылым
Бөлім: Тілдік дағдылар

4-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлім: Айтылым
Бөлім: Оқылым
Бөлім: Жазылым
Бөлім: Тілдік нормаларды қолдану
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 - бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4 - бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргізу және iс қағаздарын жүргізу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге мiндеттi». .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0