Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің...
"Досым Федор, Мына хат - соңғы хатым. Соңғы тыныс, Соңғы дем қалды жақын. Жайшылықта айырмас ақ, қараны Сыпсың сөздер бір сәтке тоқталады. Тоз-тоз болған.....
Батыр - тот,кто воевал за Родину, тот кто был храбрым и смелым. Такое имя как "Батыр" не каждому удалось иметь, среди казахских батыров нам осталось только память о них. У казахов были авторитетные батыры. Среди авторитетных есть Шотан батыр, которому исполнилось 300-лет. Недавно наш народ отмечал 300-лет Шотана-батыра.......
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады. Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық және т.б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр. Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антиәлеуметтік сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жасөспірімдер арасында кең таралған. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.....
.Профессор Садықов лабораторияға қабағы түксие кірді. Бұрын жұртпен жайдары сәлемдесетін ол бүгін тек басын изеп, үстіндегі болонья плащын шешпестен өз кабинетіне өте шықты. Бионикалық микротолқындарды зерттейтін «МТ-6» аппаратының жұмысын тәртіптеп, оны кезекті сеансқа дайындап тұрған аспирант Қайрат Саурықов профессордың кескінін көріп, аздап абыржып қалды. «Бүгінгі сеансқа тиым салмаса не қылсын»,— деп ойлады ол ішінен. Әйтсе де сыр бермей өз ісімен айналыса берді.
Ұзынша келген бөлменің ішінде үш адам бар. Әрқайсысы арнайы биотәжірибелерге лайықтап құрастырылған аспаптардың қасында тиісті жұмыстарын шұқылап үн-түнсіз қалды. Аға лаборант Жәмила Дәулетова жұлдыз құрттардың бір нешеуін колбаға салып токпен тітіркендірді. Құрттар бірінен соң бірі ыршып қарғып шығып жатыр. Қайрат «МТ-6» аппаратын жинастырды да токқа қосты. Қолына кәдімгі микрофонды ұстап Жәмила деп өте ақырын сыбыр етті. Оның дауысы аппараттың тырсылдаған дыбысына сүңгіп естілмей қалды. Дегенмен Жәмила жалт бұрылды.
— Қайрат, сен маған бірдеңе дедің бе?
— Жоқ,—деп жауап берді Қайрат.
Қайрат «МТ-6» аппаратын жоғары жиіліктегі токқа қосты да, басына радиоқұлақшынды киіп алды. Оцилографтан қызыл күрең жолақтар көрінді. Бұл оның миындағы биотолқындардыц экрандағы көрінісі. Қайрат Жәмиламен ойша сөйлесе бастады.
— Жәмила, сен маған дос едің ғой. Мен профессордың қабағынан қорқып қалдым. Сен мені естисің бе? Маған бұрылшы қазір.
Жәмила бұл сөздерді күлімдеп тұрып ойша айтты. Бірақ Қайрат радиоқұлақшыннан анық естіді. Ол қуанып кетті. Бұлардың сөздерін бөлмедегі үшінші адам естімеген еді.
Қайрат университеттің биология факультетін бітіріп, биофизик мамандығын алған-ды. Аспирантураға тускеніне екінші жыл. Алған тақырыбы «Биотолқындардың түрлі адамдар организміндегі үндестігі». Биотолқындар жөніндегі көп жәй ғылымға бұрыннан да белгілі. Ол адам организмінде шағын мөлшерде пайда болып, білінер-білінбес магнит өрісін тудырады. Бар болғаны осы ғана. Алайда кейбір шет елдерде парапсихология деген ғылым бар. Бұл ғылыммен көптеген ғалымдар шұғылданады. Арнайы журналдар шығып тұрады. Бұл жөнінде «тоқсан тоғыз» ғылыми еңбектер де жазылған. Бірақ біздің ғалымдар мұның барлығын құр шимай деп ұғады. Расында да сенер-сенбесіңді білмейсің. Шет ел ғалымдарының ойынша адам организмі, дәлдеп айтқанда орталық ми қабығы шоғырланған биотолқындар шығарады. Ол бөгде бір адамға әсер етеді. Тіпті әлем кеңістігіне тарайды. Қашықтық талғамайды дейді. Бұл бұл ма, олардың айтуынша кейбір қабілетті адамдар көзден ұшқындайтын пікір толқындар арқылы біршама жерде тұрған жеке заттарды орнынан қозғауы да мүмкін екен. Тұтқасынан тартпай-ақ есікті де ашып жіберуі ғажап емес. Әрине, бұл бос сөз делік... Адам миында пайда болатын магнит өрісінің күші ұлпа жүнді де ұшыра алмайды. Дегенмен... .....