Реферат: Ш.Уәлихановтың еңбектері

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-сұлтанына бағынады.
Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж) өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар семьсы осы бекініске көшті.
Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында туылды.
Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады. Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер, жартас ел аузында көп айтылды.
Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.
1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы да елеулі әсер еткен.
Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: «Айкөкек», «Сырымбет», «Көкенің аманаты» сүйікті ағасы Ш.Уәлихановқа арналған еді. Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.
а) Шоқанның жастық шағы
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | "АЗТМ" АҚ -да еңбекақы төлеуде зерттеу

Нарықтық қатынастарға өту процесінде экономиканың көпсатылы қалыптасу нәтижесінде Қазақстан экономикасы едәуір өзгеру үстінде.
Еңбекақы әрбір мемлекеттің, ұжымның, адамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі негізгі бір факторы болып табылады. Еңбекті ынталандыру жүйесінде де алғашқы орындарды иеленуде. Еңбекақы жұмыспен қамтылғандар табысының 30-70%-ін құрайтындықтан, бұл өмір сүру деңгейін жоғарылатудың басты көзі болып табылады. Еңбекақы көлемі Қазақстандағы әр салада және әр аймақта әртүрлі болып келеді.
Еңбек ақы бойынша әр жұмысшының еңбек түсімі оның жеке салымдарымен....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

Тақырыптың өзектілігі. "Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІН «1С КӘСІПОРЫН»

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0