Реферат: Биология | Автотрофты және гетеротрофты ағзалардың ерекшеліктері және түрлері

Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Энергетика | Гальвандық элемент макеті

Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Электр қуаты көздеріне электр стансаларындағы генераторлар, аккумулятор батареялары мен гальвандық элементтер, күн батареялары жатады. Электр стансаларында генераторлар жылу энергиясын, судың потенциалдық энергиясын, желдің кинетикалық энергиясын, іштен жану қозғалтқыштарының механикалық энергиясын, толқын энергиясын, тасқын энергиясын және жарық энергияларын электр энергиясына түрлендіреді. Генераторлар негізінен айнымалы ток өндіреді. Аккумулятор батареялары, гальвандық элементтер және күн батареялары сәйкесінше электродтар арасында жүретін химиялық реакцияларды, жарық энергиясын тұрақты электр қуатына айналдырады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)

2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей) ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама

КІРІСПЕ
Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым - зоология. 3оология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді.
Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындықтары да аз емес.
Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | С Ж Аспандияров қоғам қайраткері

Зерттеу жұмысының мақсаты: С. Ж. Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен шама – шарқымызша баға беру; Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.
Зерттеу гипотезасы: ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер мен құбылыстарды объективті ғылыми талдау да назарда болды. С. Ж. Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағымдауда мәселелер тарихилық, яғни хронологиялық негізге жүйелі баяндау принциптеріне жүгіндірілді.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғылымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.
Зерттеу жұмысының қорытындысы: Ғылыми жұмыс ғылым, қоғам және мемлекет қайраткері С. Ж. Спандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Қыдырәлі Болманов Нұртайұлы (1964 жылы 19 мамыр)

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — әнші, продюсер. Философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).
Өмірбаяны
Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
Қоғамдық жобалары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
1 0