Курстық жұмыс: Тарих | Бөкей Ордасы

Бөкей Ордасы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | ИНФОРМАТИКАДАҒЫ ФОРМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мүғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл — жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл өлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама,-идея берулері керек. Жобалар төсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте — зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналастыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік-мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пәнаралық жобалар бола береді.Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялық жобалар, байланыстарына қарай - ішкі, аймақтық, халықаралық жобалар болады. Орындаушыларының санына байланысты жеке, жұптық немесе топтық жобалар да жасала береді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жазғытұры Абай Құнанбаев

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры» Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты:
1. Поэзия түріндегі шығармаларды жаттай білу қабілеттерін жетілдіреді.
2. Өлең мазмұнын түсініп, айтып бере білуге үйретеді.
3. Өлең сөздерін еске сақтап, мәнеріне келтіре жатқа айта білуге дағдыланады.
Білімділік мақсаты:
1. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады.
2. Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді.
Дамытушылық мақсаты:
1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, балалардың сөздік қорын молайтады.
2. Балалардың ойлауы, көре, сезіне, еске сақтау қабілеттерін дамытады.
Тәрбиелік мақсаты: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломная работа: Разработка автоматизированной системы управления котлового агрегата

Организация ТОО «АТКЭ» обслуживает город Алматы отопление и
горячим водоснабжение. В отопительная котельная «Кокжиек» требуются
замена связи с моральным и физическим износом парка датчиков,
управляющих органов и контроллеров старого оборудования, которое не
обеспечивает требуемой точности, оперативности и надежности а новое,
гораздо более эффективное. Требуются разработать САУ для котлового
агрегата КВ-ГМ-23,26-150.
Автоматизация такого процесса предполагает регулирование
температуры, давления, расхода газо-жидких энергоносителей. Отклонения
этих величин от предписанных (заданных) значений могут происходить как в
результате изменения нагрузки котла, так и под влиянием различных
воздействий: колебаний температуры и давления питательной воды,
изменений качества топлива и т.д. Управление реализуется посредством
передовых систем измерения параметров, обработки данных, контроля и
оптимизации режимов процесса. При внедрении автоматизированных систем,
функции рабочего сводятся к контролю за работой машин. Персонал может
находиться на безопасном расстоянии от агрегатов. Внедрение автоматизации
создает условия для коренного улучшения условий труда и безопасности
работ, дает возможность увеличить производительность труда. Наряду с этим
улучшаются работа машин, ход технологического процесса и качество
продукции.
При удачном решении поставленных перед автоматизацией задач,
откроются новые горизонты в развитии и совершенствовании работы
предприятия.....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

Сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері» атты дипломдық жұмыстың зерттеудегі ғылыми жаңалығы Оңтүстік Қазақстан облысының «Манкент» өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең басты факторларының бірі - оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі анықталды. Зерттеу нәтижесінде әр түрлі бактериялы ашытқыларды көк балауса өсімдіктерден алынған шөптер мен дәнді дақылдардың қалдықтарынан алынған жүгеріға қосып дайындалған сүрлемдер мен пішендемелер жақсы сақталып, құнарлылығын арттыру.
Негізгі бөлім тақырыптары: Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы. Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі. Қолда бағылатын кезде берілетін азықтар мен табиғи жайлымдық шөптердің құрамы мен жұғымдылығы. Мал азықтарын дайындау технологиясы. Пішен дайындау. Сүрлем дайындау.Пішендеме дайындау. Біртекті мал азығын дайындау. Шөп ұны мен туралған шөп дайындау. Мал азықтарының қосымша көздері. Жүгеріды өңдеу а)химиялық тәсілдер; б) биологиялық тәсілдер. Дәнді малға беруге дайындау.Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылардың түрлері. Бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін әсері. Жүгері балаусасын "Силобактерин" ашытқысымен сүрлеу. Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны қосу тәсілдері, жүгеріден даярланған сүрлемдерді сауын сиырлар рационына пайдаланудың экономикалық тиімділігі көрсетілген.
Дипломдық жұмыс 72 бетке компьютер арқылы теріліп берілген, 17 кестемен және 4 суретпен көркемделінген. Құрылымы бойынша кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу нысаны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері бөлімдері және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64 еңбекті құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері

Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банктің пайда болуы және оның түрлері . Ұлттық банк

Кіріспе
“Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0