Жұмбақтар жауабымен: Музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сырнай, скрипка)

Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.
Домбыра

Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Домбыра

Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Домбыра
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Музыка әлеміне саяхат

Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты: балаларды музыка әлемімен жете таныстыру. Әуенді сергек айту,
тыңдау, ойын - қимыл арқыл ырғақты сезіндіру. Дауыстың ұзақтықтарын, биік және төменгі дыбыстарын ажыратуға баулу. Балаларға көңіл - күй сыйлап, музыка оқу іс - әрекеті бойынша білімдерін бекіту.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, орындау, қайталау.
Көрнекілігі: баян, синтезатор, интерактивті тақта, ноутбук, балалар аспаптары.
Билингвизм: жай - медленно - slowly, тез - быстро - fast, жоғары - высокий - alt, төмен - низкий - low

Мотивациялық қозғаушы бөлім
Балаларды залға көңілді әуемен кіргізеді. Шеңбер бойына орналасып әуенді амандасады. «Саламатсыздар ма балалар»
Шеңбер бойында ырғақтық жаттығулар орындату.
1. Марш
2. Аяқ ұшы
3. Аяқ өкшесі
4. Секіру
- Балалар сіздер сиқырлы музыка әлеміне саяхаттағыларыңыз келеме?
- Ендеше музыка әлеміне «Полька» биімен жетіп алайық .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Құрсақтағы тәрбие

Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0