Қазақша шығарма: Мұхтар асуы

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры.....
Шығармалар
Толық
111 -63

Қазақша шығарма: Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен.....

Шығармалар
Толық
62 -35

Қазақша шығарма: Ұлылар бар жүрегімен ұғысқан...

Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар. Сондықтан болар, бір-бірімен тығыз байланысты. Екі ойшыл да шығармаларындағы ең басты тақырып – халық жайлы ерекше жыр толғайды. «Қазақ поэзиясының алыбы» атанған Жамбыл мен қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абайдың арасында қаншама ортақ ерекшеліктер бар. Екі ғасырдың куәсі болған Жамбылдың жасына....
Шығармалар
Толық
122,5 -67,5

Қазақша шығарма: Жамбыл десем ойыма...

Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда.....
Шығармалар
Толық
35,5 -20,5

Қазақша өмірбаян: Ақұштап Бақтыгереева (1944)

Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайықта туған) — қазақтың жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2017) Құрмет орденінің иегері (2005).
Өмірбаян / Биография
Толық
35 -19

Өмірбаян: Айнұр Тұрсынбаева (1977 жылы)

Айнұр Тұрсынбаеваның балалық шағы
Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың бірі) дүниеге келген. 1994 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Ақын қазақстандық БАҚ-қа берген сұқбатында балалық шағында қиындық көргенін айтады.
"Мектепте оқып жүрген кезімде жағдайы төмен отбасыларға берілетін киіммен өстім. Ол кездері мемлекет киім беретін. Сабақта отырасың, сосын "қандай киімге мұқтажсың?" деген сауалға жазбаша жауап бересің. Мысалы, менің қыстық пальтом немесе қысқа киетін етігім жоқ деген сияқты. Кейін оны алып келеді де, бүкіл кластың көзінше беретін. Үстелдің үстіне әкеліп қояды. Сол кезде жағдайы жоқ отбасыларға мемлекет көрсететін жақсылығы ғой. Мемлекет жыл сайын киім беріп тұратын. Сондай киіммен өстік. Бұл менде "түк жоқ болды" деген сөз ғой", - дейді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұқбатында.
Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева сұқбаттарының бірінде студент жылдары біраз қиындықпен бетпе-келгенін де атап өтті.
"Студент болдық, жатақханада тұрдық. Қарнымыз ашқан көздер өте көп болды. Троллейбусқа ақша таппаған кездер болды. Енді бұл барлық студенттің басында болған жағдай ғой. Ақшадан қатты қысылып жүресің. Бірақ ертеңінде "Айнұр осындай жерге барып, арнау айтып кет. Осындай жерде айтысасың" деп адамдар телефон соғады. Сосын баратынмын. Қант та, нан да жоқ, "ертең не жеймін" деген уайыммен ұйықтаған кездер болды", - дейді Айнұр Тұрсынбаева өмірдегі қиын жағдайларды есіне алып.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0