Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН)

Төңіректі ұйқы басқан тым – тырыс ,
Құшағына кеткен еніп түн – тыныс .
Жайып тастап ақ мамығын бұлт деген
Көрінбейді жұлдыз толған құбылыс .

Бұлт тізбегі жолға шыққан керуен ,
Түн қызығы қандай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жұбан Молдағалиев

Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылы туған, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) — қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Мен - қазақпын
3 Жұбан Молдағалиев шығармашылығы
4 Сыртқы сілтемелер
5 Дереккөздер
Өмірбаяны

Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет іетеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Димаш Құдайберген (24 мамыр 1994 жыл)

Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, 24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.

Отбасы
Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Қулық


Сейсен мұғалімнің сабақ айтып тұрған баланы онша тыңдай бермейтінін байқап қалды. Ендеше, сабаққа дайындалып келмесе де болады.

Мұғалім бүгін оны тақтаға шығарды. Сейсен қулыққа көшті. Ағайдың айтылған сабаққа аса назар аудармайтынын пайдаланып: "Баяғыда поп болыпты, - деді Сейсен. - Поптың иті көп болыпты".

Ағай бұл кезде сыныптың арт жағында жүр еді. Сейсен осыны пайдаланып, әлгі сөзді қайталай берді:

"Баяғыда поп болыпты, поптың иті көп болыпты".

Мұғалім Сейсенге риза болды. "5"-тік баға қойды. Кезек Сейсеннің парталасы Әнуарға келді. Әнуар да Сейсеннің қулығын қайталап көрмек болды:

"Баяғыда поп болыпты. Поптың иті көп болыпты".

Мұғалім бұл кезде сыныптың алдыңғы жағына келіп қалған еді. Әнуардың не айтып тұрғанын естіп қалды. Жақсылап сыбағасын берді.

- Әңгіме қандай поп туралы?! - деді мұғалім айғайды салып. - Қай жерден ит көріп тұрсың?!

Сейсен қу бұл кезде кітаппен бетін бүркеп алған күйі, Әнуардың мына халіне партаның үстіне жатып алып, бүлкілдеп күліп жатыр еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақтың зергерлік бұйымдары

Тұмарша (Бойтұмар)
Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік, сақина
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.


Шолпы, шаш теңге
Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау
Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Саяхат туралы әңгіме жазу №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы әңгіме жазу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 1.3.7.1* Мұғалімнің қолдауымен сөз/сөйлем/мәтінді тексеру және қателерін түзету
Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер жазады, оқиды, талдайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Баяндама: Шетел тілі сабағында ойын элементтерінің маңызы.

Жаңа педагогикалық технология - бұл әрбір сабақта
пайдаланылатын өте қажетті және сол тақырыпты оқушыға жеткізудің,
түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі. Қазіргі кезде білім беру
үрдісінде 50-ден астам жаңа педагогикалық технологиялар қолданылады
екен. Шетел тілін оқытуда әр.......
Баяндамалар
Толық
0 0