Реферат: Түйсік

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) — мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Моңғол шапқыншылығы

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есүхей батыр отбасында туылған.

Тэмуджин ер жете келе қол астына монғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж.ы көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қыс келді

Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мерзімнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қыс мерзімі аппақ қармен, айдан мұзымен ерекше. Дала тып-тыныш, аппақ қар.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Тырнаның тапқырлығы

Көл жағалап келе жатқан бір түлкі сол маңда жүрген тырнаға жолығып, жолдас болыпты. Бір күні жайылып жүріп, жақындап қалған соң түлкінің ініне келіп кіріпті. Бұлардың ізіне аңшы түскен екен, ол да інге келіпті. Сонан соң енді ешқайда кетпейсің деп, түлкі інінің аузын қаза бастайды. Біраз төменірек түскен соң, түбіне еркін......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы Құмалақшы

(этнографиялық әңгіме)

Базарға алып барған он шақты тұяғын ерте сатқан Құрмаш құмалақшы түс ауа қайтқан болатын. Содан біраз ат шалдыру үшін Күрті өзенінің Жаңабай көпірі атанып кеткен жеріне келіп аттан түсті де, осында әлдеқашан біреу еккен, бірақ осы кезде тозып бара жатқан жоңышқаға атын тұсап жіберді. Он-он бес қозылы қойдан басқа маңдайына біткен жалғыз торының жайына қарамаса бола ма? Күз болса келіп қалды. Жаз рет айналып жерге түскендей ыстық болды. Қыс қатты болмаса не қылсын. Мизам ұшқалы, жусан басын шалғалы да екі апта өтті. Күннің аптабы қайтты, сүмбіле туды десе де әлі теріскей жүрсең арқаннан, күнгей жүрсең маңдайыңнан қызу өте шығады.

Құрмаш шапанын шешіп төседі де, үстіне малдасын құрып отырды. Сонан соң қызыл қоржынмен бірге қанжығадан шешіп алған, сырты дорбамен қапталған қарыннан түйе көзіндей ағаш тостағанға айран құйып, бірден демалмастан тартты. Маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Күн қандай ысыса да қарындағы, местегі, торсықтағы сусынның сұп-суық болып тұратыны несі екен деп ойла .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Дәулет Тұрлыханов Болатұлы (18 қараша, 1963 жылы)

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов (18 қараша, 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған) — грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының Құрметті азаматы.
Білімі
1988 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын бітірген.
1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Жетістіктері
Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0