Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.4.1.2 – көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
Сабақтың мақсаттары: Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі

Кіріспе
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр[1].....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі

А. Шипов: "Мен Қаржы деп, мемлекет өзінің барлык кажеттіліктерін канағаттандыра алатын мемлекеттік қазынаның ақшалык кұралдарын атаймын".
Мен бұл каржы жүйесі деген курстык жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені қазакстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір киындықтарды бастан откізуде. Экономикалық реформалардың табысты өтуі каржы жүйесінің тұрақтандырылуымен байланысты.
Курстық жұмыстын бірінші білімінде каржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда қаржының теориялық анықтаммасы, кұрылу жолдары, оның функциялары мен атқаратын рөлі туралы айтылған. Жалпы түрде каржы жүйесін ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген.
Екінші бөлімінде каржыны баскару формалары, ұйымдастыру жолдары мен эдістері, оның негізгі мақсатары карастырамын. қаржыны баскару мэні ашылған, мемлекеттің каржыны баскарудагы атқаратын рөлі, мемлекеттік қаржы қалай корланып оның қайда жұмсалатыны, оны қандай органдар жүзеге асырытыны жазылады.
Үшінші бөлімде Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесінің құрылу ерекшеліктері мен принциптері, оның проблемалары мен киындықтары, оларды шешу жолдары мен әдістері қарастырамын. қаржылык жүйенің халықпен, өндіріспен және шаруашылық субъектілірмен қатынасы көрсетіледі. Қазақстанның қаржы жүйесінің даму тенденциялары мен алдағы мақсаттары жазылады. Қазақстан Республикасының негізгі каржы кұжаты мемлекеттік бюджеттің негізгі баіпары келтіремін.
Қаржының даму тенденциясын бөліп карау, оларды колданудың негізгі концепцияларын, қаржылық Қатынастырды ұйымдатыру
принциптерін анықтау маңызды болып отыр. ¥зақ уакытты концепцияларды және мақсатты бағдарламаларды талдау каржылык ресурстарды, ұсақ мэселелерге шашыратпай, басты экономикалық жәнс әлеуметтІк бағыттарға топтастыру үшін кажет. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Кіші жүз және Орта жүз қазақтары басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы

Тақырыптың өзектілігі .
XIX ғасырдың 20–шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып , басқарудың жаңа формасын құра бастады . Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды . Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады .
Курстық жұмыстың мақсаты:
1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері :
• Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік жаңа жүйесінің мәнін ашу ;
• 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мазмұны мен іске асырылуының тарихи маңызын зерттеу ;
• Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістеріне назар аудару ;
Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру.
Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .
Жарғының басты мақсаты:
• Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды өзгерту ;

Ф-ОБ-001/035
• Рулық–феодалдық тәртіптерді әлсірету ;
• Орта жүздегі хандық билікті жою;
• Кіші жүздегі хандық билікті жою.
Осылайша халықты орыстандырып , рухани тұрғыда мешеу ету көзделіп , елдің байлығын тонап–талау болатын . ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ФИРМАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАУАРЫН НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ

КІРІСПЕ
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады. Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіигі (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бунда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture-бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерпиялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені косіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді. Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды. Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;
Сабақ мақсаттары: Квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану арқылы көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу түрлендірулерді орындау .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Кіріспе
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абайдың аудармашылық таланты

Кіріспе
Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Беларусияның географиялық орналасуына табиғи ресурсы, халқына сипаттама

Кіріспе.
Беларусия республикасы ТМД – ның батысында орналасқан мемлекет. Оның жалпы ауданы 207,6 км 2. Беларусия ТМД елдері ішінен экономикасы жағынан алдағы мемлекет болып көзге түседі. Республика отын есебінде жергілікті жердің салмақ үлесі аз. Басқа жақтан көмір, мұнай, гзды пайдаланады. Электроэнергетиканың негізінен жылу станциялары ( Лукомль, Березовск ) атқарады. Ірі мұнай өңдеу зауыты Новополцк, Мозырьда орналасқан.
Ал өнеркәсібінің негізгі саласы машина жасау және химия өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптер мұнай, металл, газ, көмір т. б . шикізатқа тәуелді. Мұнайды Ресейден Украинадан алады. Жеңіл өнеркәсібі бойынша тоқыма ( зығыр, мақта – мата, жібек, жүн ), тері, былғары өндіреді. Жергілікті жердің ( зығыр талшығы, тері химиялық талшық ) және шеттен келктін ( мақта – мата, жүн, жібек ) шикізаттары қолданады. Елде транспорт жолыда жақсы дамыған, әсіресе теміржол торабы. Елдің территориясының көп бөлігін батпақты жерлер алаып жатыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0